АЛҒАШҚЫ ТОҚСАН ТАРАЗЫСЫ

113

0

Сәрсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев¬тың төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңей¬тілген отырысы өтті. Онда аймақтың ал¬ғашқы тоқсандағы даму қорытындылары талқы¬ланып, алдағы міндеттер сараланды.
Елбасымыздың жыл басындағы кезекті Жолдауы елдегі елеулі өзгеріс¬терге негіз қалады. Аймақ басшысы кіріспе сөзінде Жолдаудың құндылығына тоқталып, саяси және экономикалық-әлеуметтік серпілістерге жол салғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының келешекті кемелдендіруге қосар үлесін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жыл басындағы алғашқы үш айдың еншісіндегі толымды тірліктерді құнды құжаттармен байланыстыра жеткізді. Бұл орайда өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада үшінші орынға тұрақтағанын, бұл жетістікті одан әрі жоғарылату қажеттігіне тоқталды. Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов баяндама жасап, экономикалық дамуы туралы тарқатып берді.
– Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша облыс экономикасында өсу бар. Мұнай өндіру көлемі азайғанымен, экономиканы әртараптандыру мақсатында қолға алынған жұмыстар аймақты алғашқы орындарға шығарып отыр. Өңдеу өнеркәсібі бойынша республикада төртінші орындамыз. Тұрғын үй құрылысы, инфляция деңгейі жөнінде осы орынға тұрақтадық. Нақтылағанда, 2017 жылдың қаңтар-наурызында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 173,3 млрд теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі – 95,4 пайыз. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералдық өнімдердің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 9,6 пайызға жетті, – деді облыс әкімінің орынбасары. 
Жалпы, облыс экономикасының маңызды бағыттарында өсім бар. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 26,6 млрд теңгені құрап, 4,6 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,7 млрд теңге. 137,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі – 6,9 млрд теңге. Ал, мемлекеттік бюджетке 24 387,5 млн теңге салық және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға сәйкес 110 пайызға орындалған. Оның ішінде республикалық бюджетке  14 551 млн теңге, жергілікті бюджетке 9 836,5 млн теңге түскен.
Жыл басында облыс әкімінің іс-қимыл жоспары бекітіліп, онда 310 іс-шара қамтылған болатын. Алғашқы тоқсанның еншісіндегі 23 іс-шараның бүгінде 15-і орындалған, 8-і орындалу үстінде. Облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ, осы жылға жоспарланған облыстық бюджеттің 217 млрд теңгеге жуықтағанын айтты. Аймағымыз жан басына шаққандағы шығыстар көрсеткішіне сәйкес республикада үздік үштікті қорытындылап тұр. Нақтылай түссек, өңірде жан басына шаққандағы шығыс көлемі – 309,4 мың теңге. Бұл көрсеткіш республикада 253 мыңнан сәл асады.
Сондай-ақ, бюджеттің тоқсанға тиесілі шығыстарының орындалуы көңіл қуантарлықтай. Әрине, аудандар арасында ала-құлалық бар. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне бюджет қаржысын уақытылы, өз орнымен жұмсауды қатаң тапсырды. Салықтық базаны дамытып, бюджетті нығайту әкімдер жұмысының негізгі көрсеткіші екендігіне баса назар аударды.
Инвестициялық жобалардың жүзеге асуы аймақтың тыныс-тіршілігіне тың серпін береді. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар жеміссіз емес. Индустрияландыру бағдарламалары арқылы құны 85 млрд теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, алғашқы тоқсанда 13 жоба өз өнімдерін шығара бастады. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким хабарлады. Оның айтуынша, қаладағы шыны зауытының қажетті құрал-жабдықтары 90 пайыз жеткізілген, жылына 197 мың тоннадан астам өнім шығаратын зауыт жыл аяғына дейін өз жұмысын бастауы күтілуде. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы экономиканы әртараптандырып, экспортқа өнім шығаруды жылдан жылға ұлғайтып келеді. Оған алғашқы үш айдағы көрсеткіштің өзі дәлел бола алады. Айталық, осы уақыт аралығында 167 тоннадан астам балық өнімдері Дания, Польша, Ресей елдеріне жіберілген. Сондай-ақ, Қытайға 53 тонна қызыл мия тамыры жөнелтілді. Қырғыз, Ресей мемлекеттеріне 48 мың тоннадай ас тұзы тасымалданды. 
Аймақ басшысы өз кезегінде индустриялдық аймақтардың жұмысын жетілдіруді тапсырды. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге тұтқа болар жобалардың жүзеге асуын аудан әкімдері қамтамасыз етуге тиіс екендігін де жеткізді. Мәжілісте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров баяндама жасады.
– Аймақта «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді. Мобильдік топтардың барлық елді мекендерді қамтитын жұмыс жасау кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бағдарламаға қатысатын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі айқындалды. Жалпы бағдарламаны жүргізуге республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге қаралды. Нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларымен 11 455 адам қамтылатын болады. Бағдарламаның бірінші бағыты техникалық және кәсіптік даярлауға  1515 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 1335 адам қысқа мерзімдік курстарға жолданады, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ол жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты бойынша 487 адамға 2,2 млрд теңге қаралғанын айтты. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Бастау-Бизнес» жобасымен 5 пилоттық аймақта қолға алынған. Ал жастар тәжірибесіне 905 адам және әлеуметтік жұмыс орындарымен 505 адам қамтылмақ. Жалпы статистикалық мәліметтерге сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, еңбек нарығында тұрақтылық сақталды.  
Аймақ басшысы алдағы уақытта міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енетінін, бұл өз кезегінде жұмыссыздар санының күрт өсуіне себепкер болуы мүмкіндігін алға тартты. Сондықтан да, кәсіпкерлікті дамытуға бар жағдай жасалып отыр. «Қаржы бар, мүмкіндік бар, тек оны ұйымдастыруымыз керек», – деді аймақ басшысы. Бұл орайда, әсіресе, ауылдық округтер әкімдеріне көп нәрсе байланысты. Олардың жұмыстары кәсіпкерлікті дамыту көрсеткішімен тікелей бағаланатын болады.
Жиында күн тәртібінде төртінші кезекте аймақтағы агроөнеркәсіптің даму жайы талқыланды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың айтуынша, аймақта бүгінгі таңда 205 агроөнеркәсіптік кешен құрылған. Ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығару көлемі де артып келеді. Қазіргі уақытта Сыр диқандары күріштің сұранысы жоғары ирандық сортының көлемін арттыруды көздеп отыр. Қытай елі Сырдағы мал етін аттай қалауда. Сондай-ақ, Бельгия, Франция елдеріне жылқы етін шығару жоспарланған. Ресей Федерациясы болса, өңірде өскен қауын дәміне ерекше сүйсініп, экспорттың көлеміне сұраныс артқан. 
Биылғы жылы облыс судан тапшылық көрмейтіні қазірден белгілі болып отыр. Дарияға түскен мол су сай-саланы, өзен-көлдерді, жайылымдық-шабындық жерлерді суға толтырған. Су мол болса, малға да, шаруаға да жайлы болмақ. Бақыт Жаханов су ресурстарын тиімді пайдалануға орай атқарылған жұмыстарды саралап берді. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба қолға алынған. Ал, облыстық бюджеттен бөлінген 386 млн теңгеге 4 канал тазартылып, 8 насос алынбақ.
Аймақ басшысы жиын қорытындысында алғашқы тоқсандағы даму көрсеткіштеріне оң баға беріп, өңірдің бұдан биік жетістіктерге жету мүмкіндігінің зор екендігін айтты. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Нағымжан САУЯЕВ.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз