АЛАЯҚТАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ДӘРМЕНСІЗДІК ТАНЫТУДА

46

0

АЛАЯҚТАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУДЕ  ПОЛИЦЕЙЛЕР ДӘРМЕНСІЗДІК ТАНЫТУДАӨзге өңірлерге қарағанда аймағымызда алаяқтық жасау
деректері белең алып отыр. Ста­тистикалық мәліметтерге сүйен­сек 2015 жылдың 9
айында бұл санатта 1133 қылмыс тір­кел­ген. Яғни өткен жылдың осы мерзімімен
салыстырғанда 23,3 пайызға өскен. Алайда оларды ашуда құқық қорғау органдары
дәрменсіздік танытуда. Бұл туралы облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің қатысуымен өткен жиында мәлім болды.

Мәселеге
орай баяндама жа­саған облыстық прокура­тура­ның басқарма басшысы Ерлан
Қожановтың айтуынша, жұмыс көзі қысқарып, халық­тың әлеу­меттік жағдайының
төмен­дегені облыстағы қылмыстық ахуалдың күрделенуіне әкеп соғуда. Мәселен,
жеңіл жолмен ақша тауып, халықтыалдап-арбайтындардың 81 пайызы осы екі қолға бір күрек таппай, сенделіп
жүргендер. Ерлан Қожанов бұл орайда құзырлы орган тарапынан тиісті жұмыстардың
өз деңгейінде атқарылмай жатқан­дығын сынға алды.


Алаяқтық дерегінің өсуі Қы­зыл­орда қаласы мен Қармақ­шы ауданында байқалады.
Осыған қарамастан аудан прокуроры облыстық ІІД-ға бір ұсыныс енгі­зіп, көпшілік
орындарға парақша таратумен шектелген.
Ал облыс көлемінде айтар болсақ, көбіне жәбірленуші мен күдікті белгілі бола
тұра ішкі істер органдары нақты әрекетке көшпей, соның салдарынан 247 іс аяқсыз
қалған, – деп тәртіп сақшыларына жауап­кершіліктен бө­лек жедел әрекет те
қажеттігін тіл­ге тиек етті. Себебі пысықайларға шұғыл шара көрілмеуі
салдарынан аймағымызда 221 алаяқтық дерегі белгілі болып отыр. Оның 80 пайы­­зын
27 мен 52 жас аралығындағы әйелдер жасаған.

Елдің
сеніміне селкеу түсірген шенділердің бұл әрекетін облыс прокуроры да сын тезіне
салды.

– 247
қылмыстық істің тергеу мерзімін үзіп
тастай салу тергеу талаптары
процестерінiң өз деңгейінде жүргізілмегенін көрсетеді. Бұл мемлекетке, елге
жасаған опасыздық. Тұрғындар тарапынан
арыз-шағым­ның көбеюі де осыдан. Күдікті белгілі бола тұра, тергеудің бұзылуы
заңға өрескел қайшы. Бұны біле тұра, сіздер, қалай тыныш ұйықтайсыздар? Оның
үстіне 9 айда тіркелген 15 қарақшылық әрекеттің төртеуін ғана ашу бүкіл
жұмыстарыңызды жоққа шығарып отыр, – деді.

Бір
өкініштісі, қырық айлалы алаяқтар полиция қызметкерлерінің атын жамылып та
небір сорақы әрекеттерге баруда. Жыл басынан бері осындай 22 іс тіркелген. Бұл
ішкі істер органдарының атына кір келтірсе де, құқық қорғаушылар оны ашуға
асығар емес. Керісінше, кейбірі
қарапайым халықты қорқытып, ақша талап еткен.


Адамдарға қарақшылық ша­буыл жасап, тонағанқылмыскерлерді әшкерелудегі полиция жұмысы бізді алаңдатып отыр. Бүгінде
бұл фактілер былтырғыдан екі есеге өскен.Ең өкініштісі, өзгенің мүлкін қорқытып алудан ішкі істер органдарының
қызметкерлері де тайынар емес. Мысалы, Қармақшы аудандық ішкі істер органының 2
қызметкері мен экс-құқық қорғаушы бір азаматтан қорқытып 300 мың теңге талап
еткен. Бұл туралы іс сотқа жолданып, қазір қылмысқа кінәлілер өз жазасын алды,
– деді Ерлан Қожанов.

Мәселеге
орай облыстық ІІД басшысының орынбасары Нұржан Анарбаев пен қалалық ІІБ-ның
басшысы Ғани Сүйлеменовтер атқа­рып жатқан жұмыстарының нәтижесін ортаға салды.

Жиын
соңында жұмыртқадан жүн қырқатын пысықайлардың қармағына көбіне сенгіш, заңдық тұрғыдан сауаты жоқ азаматтардың түсіп қалатындығы да айтылды.
Бұл тұрғыдағы жұмыстарды жүйелі атқару керектігі де нақтыланды. Дегенмен, ел
арасында әлі де болса «кез келген мәселе сыйақысыз шешілмейді» деген түсінік
жойылмай тұр.

М.ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз