АМАНБАЙ АХУН

227

0

Кеңес үкіметі кезеңінде құдайсыздық кеңі¬нен насихатталды. Ұлы орыс халқы¬нан өзге бұратана ұлттар мен ұлыстардың әдеп-ғұрпы, тілі, діні мен мәдениеттілігіне көлеңке түсіп, кең етек жайып кетуіне тұсау салынды.
«Ұлыны ұлы тұтса – құт болар» деп бабаларымыз айтқандай, хал¬қы¬мыздың тарихында сол кезде де біртуар тұлғалар аз болмаған. Осындай қысылтаяң шақтың қыспағын көріп, нәубет тақсыретін таратқан жандардың бірі Қазалы өңірінде ислам ілімін таратушы, бала кезімізден аты жанымызға жақын Аманбай ахун бабамыз еді. 
IX-XX ғасырларда Сыр бойында өмір сүрген, имандылық ұлағаттарымен және әулиелік қасиеттерімен елге танымал болған бабамыздың тегі – Кіші жүз-Әлім-Кішкене-Асан-Қожамберлінің Райы болып келеді. Райдан Мүлкәмән, одан Таңқай, Таңқайдан Мырзабек туған. Мырзабектен Айтуған, Жақсылық, Арыстан, Аманбай атты ағайынды төрт жігіт тараған. 
Аманбай ахун 1858 жылы қазіргі Қазалы ауданы, Сырдария өзенінің оң жақ бетіндегі Әлсейт көпірінің жоғары жағында дүниеге келген. Аманбайдың 9 жасында әке-шешесі қайтыс болып, ағасы Айтуғанның қолында тәрбиеленеді. Ағаларының шаруаларына көмектесе жүріп, сол кездегі патшалық Ресейдің Қазалы қаласындағы мектебінде 6 айдай оқиды. Ағалары «сен түбінде оқитын болсаң, мұсылманша оқы» дейді. 
Бойын үлкен үміт пен зор мақсат сезімі билеген он екі жасар бала жігіт 1870 жылдары шығыстың атағы жер жарған сәулетті шаһары – Бұхараға аттанады. Үкілеген үміт оты жанып, Бұхарадағы медреседе бес жыл оқиды. Діни білімі жөнінде шатырхат алып, кіндік қаны тамған туған жер төсіне қайтып оралады. Өзімен бірге аталас Құрман баласы Жайман ахун да оқу бітіріп келеді.       
Ұзамай, бұл жақсылық хабарды дарияның батыс бетіндегі ағайындар естіп, «Аманбай, саған мешіт салып береміз, біздің ортамызға кел, халыққа мұсылманша білім беріп, олардың санасын оят» деп қолқа салады. Сөйтіп, ауылы аралас ағайындардың талап-тілегі мен ыстық ықыласын жылы қабылдаған ол исламды, құранды, шариғатты көпшілік арасында таратушы білімдардың өкілі ретінде танылды. Халықты имандылық, әділдік, адалдық, тазалық, адамгершілік, қайырымдылық ¬жолына шақырды. Ізат, Сахи, Аман, Шарапат, Әбдірауық, ¬Дабыл, Ысқақ, Балтабай, Төремұрат, Әбдірейім, Тоққожа, Нағыман, Төлебай, тағы басқа көптеген елге -танымал молда¬ларды тәрбиелеп шығарып, мұсылман дінінің берік орнығып, нығая түсуіне ұйтқы болды. Жоқ-жұқа, жетім-жесір жандарға қолын созып, қамқорлық танытты. Ахундық дәрежеге көтеріліп, исламның білікті ағартушылары қатарынан орын алды. 
1936 жылғы қуғын-сүргін кезінде ағайындардың ортасында болып, мешітте бала оқытып, еліміздің күрделі тарихындағы қасіретті жылдары Аманбай ахун мешіті ел балаларына білім нұрын құйған ілімді ұяға айналады. Күні бүгінге дейін көнекөз қариялар сол мешіт болған орынды, Аманбай ахун мешітінің орны деп айтып жүр. Ізгі жәдігерліктерімізді парасатпен құрметтеу – қоғамымыздың рухани жаңғыруының маңызды кепілі. Аманбай ахун ұлағатты ұлығымыз, киелі де қасиетті қадірліміз. Сол сияқты ұрпақтар құрметіне әмсе де лайық, ел қадірлеген тарихи тұлғаларымыз көп. Қазіргі ұрпақ сол алтын қазыналарымызды қастерлеп-құрметтеу арқылы баршамыздың өнегелі ісімізді, өріс пен ізгілік ілтипатының алтын көпіріне айналдыруы тиіс. 
Қазақстан басшылығына партияның қанқұйлы жендеті Ф.И. Голощекин келген тұстары Боташ баласы Сухамберлі салдырған мешітті имандылық үйі етіп, дүйім жұртқа мұсылманшылық қағидаларын танытып, білуге уағыздап жүрген Аманбай ахун қуғын-сүргінге ұшырайды. 
Діндар азамат халық жауы деп жазықсыз жазаланып, Қазалы түрмесіне жабылады. Сол кезде Аманбай ахун атамыздың кейбір кереметтері түрме күзет¬шілерінің таңғалдырып, көңіл¬деріне үрей ұялатады. 
Ол кісі мезгілді ¬намазын оқитын кезде абақты есігіндегі құлып өздігінен ашылып ке¬теді. Сәждеге бас қойып, мұсыл¬мандық парызын өтеп, бөлмесіне кірісімен қайта құлыпталып қалады. Бұл таңғаларлық жайт кейін түрме басшыларының құлағына жетіп, ешкімге артық ауыз сөз айтпайтын жанға жанашырлық пейіл тантып, қамқорлық жасайды. Облыс орталығынан арнайы шақырумен келген ұлттық қауіпсіздік мекемесінің офицері, башқұр жігіті ахунмен ортақ тіл табысады. Күзет басшыларына қажетті құжаттарын дайындат¬тырып, абақ¬ты¬дан босаттырады. Бірақ, үнемі заң орындары қызмет¬керлерінің бақылауында тұрады. 
Мешіт ұстап, ислам дінінің жұртшылық арасына таралуына белсене атсалысқан имамиад өкілдерінің қатарында есімі ауызға алынатын Аманбай ахун 1942 жылдың желтоқсанында фәни дүниеден озады. Оның сүйегі ақ жауып, аруланып, дария жағасындағы «Иланды» қорымына қойылды.          
Аманбай ахуннан Әлима атты бір қыз, Қайрулла, Нуфтулла есімді екі ер бала тарайды. Балаларының екеуі де Ұлы Отан соғысына қатысады. Бір баласы Нуфтулла соғыста алған жарақатынан 1952 жылы, Қайрулла мақсым 1976 жылы қайтыс болады. Аманбай ахуннан қалған тұяқ Нуфтулла баласы Зинадин қазір Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында балалы-шағалы, абыройлы өмір сүріп жатыр.
Халқымыздың мәдени-рухани тұрмысын өркендетуге бағытталған «Мәдени-мұра» бағдарламасы ¬аясында респубикамыздың түкпір-түкпірінде игілікті шаралар өтті.  Осы мақсатта сол  Аманбай ахун еліндегі көнекөз қариялар, зиялы азаматтар, бүкіл ел болып бір тұжырымға келіп, ауыл ортасынан еңсесі биік, қазіргі заманға сай, ¬келешек ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында мешіт үйін салу үшін, 2007 жылы «Аманбай ахун» қоғамдық қоры құрылып, оның президенттігіне мен сайландым. Қордың мақсаты – Бекарыстан би ауылындағы көне мешіттің орнына жаңадан мешіт үйін салу болатын. Мешіт құрылысын салуға өзім басқаратын «Нағыман и К» ЖШС Бас демеуші болды.  Бұл бастамаға ауыл, аудан әкімдері де ризашылықтарын білдірді. 
Ардақты пайғамбарымыздың 461-і хадисінде «Кімде-кім халықтың қамын жесе, Алланың шапағатына ие болады, Алла тағалланың жер бетіндегі жаратқандарына қайы¬рымдылық жасаңдар, сонда Алла көктен сендерге мейірімін төгеді» делінген. 
Осы қағиданы ұлағат тұтқан Бекарыстан би ауылынан шыққан зиялы азаматтар мен ауыл тұрғындарының қаржылай көмегінің арқасында «Аманбай ахун» мешіті¬нің құрылысы 2007 жылы басталып, келер жылдың тамыз айында бабамыздың туғанына 150 жыл толу құрметіне халық игілігіне пайдалануға берілді. 
Осындай елге мұсылман дінін таратушы, асыл да, біртуар адамның дүниеге келгеніне 2018 жылы 160 жыл толғалы отыр. Осы шараға алдағы қасиетті жылы бүкіл ел болып, Аманбай ахун бабамыздың өскен, өнген және туған жерінде өмір сүріп жатқан ұрпақтары осы күнді аудан көлемінде атап өтсе, халқымыздың мұсылмандықты, имандылықты жас ұрпаққа тәрбиелеу үлгісі болар еді деп есептеймін. Осыған орай, 10 жыл бұрын салынған Бекарыстан би ауылындағы «Аманбай ахун» мешітін күрделі жөндеуден өткізу де үлкен парыз.
Базарбай НАҒЫМАНОВ,
«Нағыман и К» ЖШС директоры.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз