АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕРІ

58

0

Арал ауданында «Сыр ­медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің көшпелі алқа отырысы ұйымдастырылды. Оның ашылуында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев БАҚ өкілдерінің бұл бастамасына қолдау білдіріп, өңірдің соңғы жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталды. Ауданда бірнеше индустриялық жобалар жүзеге асырылуда. Байырғы мал шаруашылығы өркендеп, төрт түлік саны бойынша облыста көш бастап келеді. Арал теңізінің қайта оралуымен балық кәсіпшілігі қарқынды дамып, оның экспорттық үлесі 30 пайызға жуықтады. Жуырда облыс орталығында өткен халықаралық Аралды тұрақты дамыту форумы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға серпін береді. Қазіргі таңда жапондық ұйымдар экологиялық жобаны жүзеге асы­руға  қаржы бөлсе, халықаралық қорлар туризмді дамытуға қолдау білдірмек. Аудан әкімі билік пен халықтың алтын көпіріне айналған ақпарат құралдарының кәсіби жұмысына сәттілік тіледі.

Мәжілісте серіктестіктің бас дирек­торы А.Оңғарбаев бірінші жар­­ты­­жылдық көрсеткіштерін са­ра­­­лап, алдағы меже ­жайын әңгі­меледі. Бас директордың бірінші орынбасары М.Аралбаев екінші жартыжылдыққа баспасөзге жазы­лу­дың қорытындысы туралы хабарлап, осы бағытта жүзеге асырылуы тиісті жұмыстар жоспарын баян етті.

Осыдан кейін серіктестік өкіл­дерінің басқосуы «Ақпараттық сая­саттың ауқымды міндеттері» атты семинарға ұласты. Семинарда серіктестік бас директорының орынбасары Қ.Шарабидинов мекемеге қарасты газет пен сайт қызметінің жарты жылдағы көрсет­кішіне талдау жасады. Онда 6 айда алға басқан іс пен жаңа медианы дамытудың ­талаптары туралы кеңінен айтылды.

Семинарда «Кызылорда-ньюс» интернет газетінің бас редак­торы М.Жетпісбаев, облыстық «Ақ­мешіт жастары» басылымының бас редакторы Д.Садық, «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Ә.Үмбет, Арал аудандық «Тол­қын» газетінің бас редакторы Ш.Жылмағамбетов бүгінгі медианың түрлі тақырыптағы тәжі­ри­бе­лерін ортаға салып, қаты­су­шылар ұсыныс-пікірлерін біл­дірді. 

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз