АРҚА ТӨСІНЕ СЫРДАН БАЗАРЛЫҚ

74

0

АРҚА ТӨСІНЕ СЫРДАН БАЗАРЛЫҚЕлімізде «ЭКСПО-2017» Мамандандырылған халықаралық көрмесінің аясында  ағымдағы жылдың маусым – қыркүйек айлары аралығында Елордада өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу келісіліп, осыған орай 3-4 маусым күні Қызылорда облысы, Атырау және Батыс Казақстан облыстарымен бірігіп Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағында жәрмеңке ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде Астана тұрғындары мен қонақтарына Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданынан 15 автокөлікпен 30 түрлі өнім түрлері жеткізіліп сатуға ұсынылды.
Оның ішінде: күріш – 112 тонна, жылқы еті – 2,5 тонна, сүт өнімдері – 9 тонна, қымыз, шұбат – 0,7 тонна, ара балы – 0,2 тонна, балық өнімдері – 20 тонна, конфет – 2,5 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 14,5 тонна, құлпынай, алма, алмұрт, өрік – 2,5 тонна, қырыққабат 2 тонна, сөк, талқан – 0,5 тонна, ас тұзы – 5 тонна, қауын құр, қауын қақ және т.б. өнімдері жәрмеңкеге шығарылды.
Жәрмеңкеде 45 млн. теңгенің 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылды.
Жылқы етінің бағасы – 1600 теңгеден (Астана қаласында нарықта жылқы етінің 1 кг 1800-2000 тенге), күріш – 180 теңгеден, балық өнімдері 300 теңгеден 1500 теңге аралығында, сүт өнімдері, оның ішінде қымыз, шұбат – 500 теңгеден, қаймақ  – 600 теңгеден, ас тұзы – 40 теңге, қырыққабат – 70 теңгеден сатылды.
Жәрмеңкеде сатылған өнімдердің бағалары Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасымен келісілген.
АРҚА ТӨСІНЕ СЫРДАН БАЗАРЛЫҚ
АРҚА ТӨСІНЕ СЫРДАН БАЗАРЛЫҚ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз