Қараша айының рейтингін облыс әкімі бастады

45

0

«Саясат-Monitoring» зерттеу тобы облыс әкімдерінің қараша айындағы рейтингін жариялады. Сауалнамаға қатысқан саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, блогерлер, саяси технологтар мен журналистер еліміздің аймақтары басшыларының жұмысын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалады. 
Қорытындысында қараша айының рейтингін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастады. Өткен айда облыс орталығында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілсе, тағы бір тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Сарапшылар 80 көпқабатты үйдің салынуын, соңғы 3 жылда 11 шағын ауданның бой көтеруін атап өтті. Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасының жаңа ғимаратқа қоныстануын толымды жетістік ретінде бағалады.   
Қараша айындағы рейтингке инвестиция тарту бойынша көрсеткіштер де оң әсер еткен. Аймақ басшысы Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының жұмысына қатысып, өңірде 2 газтурбиналық станция салу, инфрақұрылымдық жобалар мен шағын және орта бизнесті қолдау туралы келіссөздер жүргізді. Қара тақта тас өңдеу жобасын қаржыландыру келісіміне қол қойды. 
Респонденттер аймақтың 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылғанына, оған қоса ЕҚДБ-мен бірлескен жобалардың тиімділігіне назар аударған.  Сонымен бірге, қараша айында өткен инвестициялық форум барысында «Теңізшевройл» басшылығымен аталған кен орындарындағы жұмыстарға қызылордалық мұнай сервистік компаниялардың да қатысуы туралы келісім жасалған болатын. 
М.МЕРЕЙ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз