ҚАРМАҚШЫДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

67

0

Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна өнім шығаратын құс фабрикасының іргетасы қаланды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарына өз лебізін арнады.
– Өздеріңізге белгілі, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың экспорттық әлеуетін асыру. Міне, бүгін осы ойымыздың жүзеге асуына біртабан жақындадық. Қызылорда облысының тарихында ет өнімдерін шығаратын алғашқы құс фабрикасының іргетасын қалауға жиналып отырмыз. Осы орайда, талапқа сай, экономикалық негізі бар және тұрақты сұраныстағы инвестициялық жобаларды әрі бастамашы кәсіпкерлерді қолдап, оларды іске қосуымыз қажет, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Құс фабрикасының құрылысы «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен жергілікті кәсіпкер Нұрлан Іздібаев басқаратын «Ақтөбе и К» серіктестігінің бірлескен жобасы.   Жалпы құны 2 млрд. теңге. болатын жоба келер жылдан бастап іске қосылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз