АШЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫ ТҮРДЕ ӨТУІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАЙДЫ

82

0

САЙЛАУ – 2016

АШЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫ ТҮРДЕ ӨТУІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАЙДЫ«Сыр медиа» ЖШС
жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында сайлауды бақылау жөніндегі
Республикалық қоғамдық комиссияның Қызылорда облысы бойынша филиал жетекшісі
Мақсұт Досжанов БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

 

Ол 2016 жылдың
12 ақпанынан бас­тап сайлауды бақылау жөніндегі Рес­пуб­ликалық қоғамдық
комиссияның Қы­зыл­орда облысы бойыншафилиалы жұ­мысын бастағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда аймақтық комиссия
мүшелері сайлауды ұйымдастыру жұмыстарының мәселелерін шешуге кірісіп, облыс
бойынша бақылаушылар тізімін жасақтауда. Жоспарға сәйкес, байқаушылар қатарына
ең белсенді, жауапты, қоғамдық дамуға өзіндік үлес қоса алатын азаматтар
тартылатын болады.

Сайлау күні,
яғни 20 наурызда аймақтағы барлық сайлау учаскелерінде комиссия өкілдері тиісті
жұмыстарын атқарады. Байқаушылар электоралды үдерістің әділ және ашық өтуін
қамтамасыз етуді қадағалап, заңсыздықтарға жол бермеу бағытында жұмыс жасайтын
болады.

Жақын күндері
комиссия мүшелері барлық аудандарда байқаушылар үшін оқу семинарларын өткізуді
жоспарлап отыр. Онда байқаушының сайлау кезіндегі құқығы мен міндеттері
түсіндіріліп, сайлау науқанында орын алған заңсыздықтарға қалай тойтарыс беруге
болатыны жөніндегі ақпараттарға қанығады. Ең бас­тысы, «Қа­зақстан
Республикасындағы Сайлау туралы» заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу
тәсілдерін үйренеді.

Сондай-ақ,
комиссия сайлауға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде
жарияланған үгіт-насихат материалдарына
сараптама жасап тұратын болады. Электоралды үдерісті бұзуға бағытталған кемшіліктер орын алып жатса, дер кезінде олардың алдын алуға атсалысады.

Аумақтық сайлау
комиссиясының берген соңғы мәліметтеріне сай, бүгінде аймақ бойынша барлығы 350
сайлау учаскесі бар. Қазірге дейін мәслихаттар депуттатығына барлығы 488
үміткер ұсынылған. Оның 93-і облыстық, 330-ы аудандық және 65-сі қалалық
мәслихатқа құжат тапсырды.

Филиал
жетекшісі елімізде сайлауды бақылау
жүйесі жылдан жылға жетіліп келе жатқанын жеткізді. Ол бұрынғы сайлау
тәжірибелерін есепке ала отырып,
халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасауда. Белсенді азаматтардан құралған
мұндай комиссиялар сайлаудың ашық және таза өтуіне ықпал етеді. Қоғамдық
байқаушылар Қазақстанда соңғы он жылда өткен сайлаулардың ашық және
демократиялық түрде өткеніне кепілдік береді. Комиссия осы кезеңде 5 сайлау
кезеңін өткізген.

Ыдырыс
ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз