АСТАНА

68

0

 

Астана санаң – сара, жүрегiң – нұр,

Тартқан тiн тектiлiктен тiрегiң бұл.

Бетке алып Бәйтеректiң бекзаттығын,

Төрiңнен төксiн сұлу тiлегiм жыр.

 

Бақыттың бесiгiндей Есiл еркем,

Керiмсал жел ойнаса төсi көркем.

Такаппар триумфтар сүйедi оны,

Өрлiкпен келбетiңе қосып өркен.

 

«Нұр-Әлем» ай-жұлдыздай жарқылдаған,

Өрнегi шалқыған күй, шарпылған ән.

Аспан астын астана қылған бабам,

Ақ ордасын көрмедi-ау алтындаған.

 

Бейнеңдi сипаттайын жанып, құшып,

Тұлғаңды тау жасырмас алып, кiшiк.

Арқадан көрдiм шырай шашылғанын,

Аспаннан темiрқазық ағып түсiп.

 

Д.АЯШҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз