АСТАНА атын асқақтатқан ЭКСПО

79

0

АСТАНА атын асқақтатқан ЭКСПО
Сыр елінен көрмеге аттанған тілшілер Астанадан
хабарлайды:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашты. Көрме аумағындағы Конгресс-орталықта өтіп жатқан салтанатта Елбасы «Қонақжай Қазақстанның елордасы – әсем Астанаға қош келдіңіздер! Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптен күткен халықаралық EXPO-2017 көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүрегімнен құттықтаймын. Біз EXPO көрмесін ТМД және Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп, қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35-қаланың қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілі ететін басты алаңға айналады. Тәуелсіз ел символы – Астана нағыз ХХІ ғасыр қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасының айтуынша, көрмеге әлемнің 115 мемлекеті, 22 халықаралық ұйымы қатысады. «Мен олардың барлығына халқымыздың атынан ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймін», – деп алғыс білдірді.  
 Жүз алпыс алты жылдық тарихы бар ЭКСПО әрдайым жаңа идеялардың бесігі болып табылады. Талай инновациялық жаңалықтың тұсауы осы көрмеде кесілді. Бір сөзбен айтқанда, ЭКСПО – ғылыми жаңалықтар көрмесі ғана емес, барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір.  
Шарада Мемлекет басшылары алдымен Қазақстан павильонымен танысты. Осыдан кейін өзге елдердің павильондарын аралады. ЭКСПО – 2017 көрмесінің ашылу салтанатының ресми бөлігі Конгресс-орталықта өтті. Амфитеатрда өткен концерттен кейін Астана аспанын лазерлік шоу шапағы мен отшашу жапты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз