Астанада Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтті

73

0

Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жәрмеңке биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы 3-4 маусым күндері ұйымдастырылған болатын.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап Сыр өңірінен 30-дан астам өнім түрлері жеткізілді. Оның ішінде күріш, ара балы, жеміс-жидектер, көкөністер бар.  – Өткен жылдан бастап бақша өнімдерін көршілес Ресей, Қырғызстан елдеріне экспортқа шығарып отырмыз. Міне, осындай сапалы тауарларымызды ЭКСПО көрмесін пайдаланып, елордалықтарға да ұсынуды жөн көрдік. Ал құны жағына келер болсақ, Астана әкімдігімен келісе отырып, халыққа қолайлы бағаны ұсынып отырмыз. Бұл жәрмеңке Елордадағы кез келген дүкеннен арзан. Тағы бір айтарымыз, бұл өнімдер жеке кәсіпкерлердің тауарлары, мемлекет транспорт жағын қамтамасыз етіп отыр, – деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жақанов.  Қызылорда облысы жаһандық көрме кезінде барлығы төрт жәрмеңке жоспарлаған. Бұл жолы құны 75 млн теңге болатын он екі көлікпен 200 тоннаға жуық өнім әкелінді. Сыр өңірінен 26 тауар өндірушісі қатысты. Осыдан кейін 5-6 тамызда және 15-16 қыркүйекте өтеді. Ол кезде өнім түрлері де мол, баға мұнан да төмен болмақ. Қызылорда мен күріш егіз ұғым, тұтынушылар да соны күтеді, сондықтан ұйымдастырушылар өнімдердің ішінде күрішке баса мән беріп отыр.   Бұл жәрмеңкені Қызылорда, Атырау, Ақмола облыстары бірге өткізіп отыр. Ақмола облысы сүт, ет, жұмыртқа өнімдерін жеткізсе, Атырау тиісінше теңіз маңайында орналасқандықтан балық өнімдеріне баса мән берді. Жаз айының алғашқы өнімдері қалаға ауыл шарушылығының берекесін ала келгендей. Жәрмеңкедегі адамдардың қатары да қалың, бәрі де көңілді. Ойлағаннан төмен бағаға қалағандарын алып, қалғандарына көз тойғызып, көңіл суарып аралап жүр.  
Дереккөз egemen.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз