ҒАСЫРЛАРДЫҢ КУӘСІ ЕСКІ ШІРКЕУ

140

0

Ұлы Дала төсінде халқымыздың сан ғасырлардан бері қастер тұтып келе жатқан киелі орындары жетерлік. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухAани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деген болатын.  

Жақында Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жасалып, оған 100 макросакральды орын туралы мәліметтер енді. Жүздіктің ішінде Сыр бойындағы Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Жент қалашықтары, Қорқыт ата ескерткіш кешені, Оқшы ата, Төлегетай-Қылышты ата, Қорасан ата кесенелері, Бегім ана мұнарасы және Христос спаситель шіркеуі бар.  

Біз туған жеріміздегі киелі орындар туралы мақалалар топтамасын Қызылорда қаласындағы ХІХ ғасырдың соңында салынған Христос Спаситель шіркеуі туралы деректермен жалғастырамыз.   

Аталған шіркеу республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер қатарында. 1855 жылдары Перовск қаласында христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарды. 1855 жылдын 13 қазанында жылжымалы шіркеу ашылады. Онын негізін салушы поп Л.Гороховский болды. Ал қала христиандары үшін алғашқы тұрақты шіркеу 1863 жылдан пайда болған.  

Христос спаситель шіркеуі 1868 жылы болған қатты жауыннан құлап қалған. Сол жылы күйдірілген кірпіштен салынып, төбесі жабылған шіркеудің жаңа үйі пайдалануға берілді. 1890 жылы шіркеудің жаңа ғимараты салына бастайды да, 1896 жылы пайдалануға беріледі. Шіркеуде 250 -300 адам еркін мінәжат ете алады. 

Бүгінде шіркеу – христиан дінін ұстаушылардың бас қосатын орны.  Шіркеу ғимараты екі бөліктен – мінәжат етуге арналған залдан және кіреберістен тұрады. Негізгі көлемі крестті-куполды, кресттің соңдары тең, кресттің кіруші бұрыштарында қосымша бөлмелер бар. Бұл крест тәрізді кеңістік биік (екі шырақты), орта кресті екі бөлікке бөлінген. Сегіз қырлы барабанда тұрған жарты циркульді аркалы сегіз тар терезе ойықтарымен кесілген. Крест жеңдері қасбеттерге сәйкес пішінді жасайтын жарты циркульді көрініске ие күмбезшелермен жабылған. Осы бөлшектердің үстіңгі жағында жартылай дөңгелек доғалармен жабылған жоғары пропорциялы үш бөлікті терезелер жасалған. Төменгі деңгейдегі қапталдық қасбеттерге қосымша кіреберіс ойықтары бар. Мінәжат ету залының есігі батыс жақтан жасалған. Бұл екі шырақтық, сегіз қырлы күмбез асты барабанындағы күмбезбен тәжделген. Күмбез негізгі күмбезге ұқсас, бірақ көлемі кішірек. Бірінші деңгейде кіреберіс бөлігі, екіншіде күмбез асты барабанында орналасқан үш тереземен жарықталатын хорлар орналасқан. Ішкі кеңістік жиектік жолақпен екі деңгейге бөлінеді. Шіркеу кең тараған жобаның баламасы. Осыған ұқсас шіркеулер Астраханда және Ташкентте бар. 

 

М.МЕРЕЙ. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз