АТА КӘСІПКЕ АДАЛ ӘУЛЕТ

73

0

АТА КӘСІПКЕ АДАЛ ӘУЛЕТСырдағы Әйімбетовтердің балық
шаруашылығы саласындағы еңбек жолын абыройлы жалғастырған ұрпағының бірі – кіші
ұлы Нұрбек Әйімбетовтің жасы отыз үште. Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының
жеңімпазы атанған Әйімбетовтер әулетінің кенжесі – бүгінде Арал қаласындағы
балық зауытының директоры. Біз төменде әке жолын жалғаған ұлмен болған сұхбатты
ұсынамыз.

 

– Нұрбек Әділбекұлы, Елбасының бастама­сымен
қолға алынған ұлттық байқауда облыс­та үздік деп танылып, осындай құрметке ие
болған отбасының Сыр өңірінен, оның ішінде әлемге әйгілі болған теңіз
іргесіндегі Арал қаласынан шыққаны көңілге қуаныш сыйлайды. Отбасы бизнесіне
қалай келдіңіз, әңгімені сонан бастасақ…

– Әкеміздің балық шаруашылығында еңбек
еткенін көре жүріп, мен де өмірімді осысаламен байланыстырғым келді. Рас, әкем «Балықтың берекесі бес батпан.
Бірақ, бұл салада еңбек ету оңай шаруа емес» деуші еді. Тіпті, институтқа оқуға
құжат тапсырғанымда да сол айтқанын қайталады. Бірақ, ата кәсіпті жалғастыруды
өзіме парыз санап, ата-баба жолын жалғастыруды мақсат еттім.

Бүгінгі таңда әулетіміздегі 4 бала мен 10
немеренің біразы осы саланың білгір мамандары атанды. Үлкен ағам Нұрбек пен
жеңгем Гүлмира облыс орталығы – Қызылорда қаласында тұрады. Өздері облыстық
салық басқармасының қызметкерлері. Алдымдағы апаларым Әйімбетова Шолпан мен
Ардақ отбасылық «Арал» Сервистік дайындау орталығы» ЖШС менеджері. Біздің
өңірде жыл сайын шілде айындағы балықшылар күнінде облыс балықшыларының форумы
өтеді. Барлығымыз осы кәсіби мереке қарсаңындақарашаңырақта бас қосып, бір-бірімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Бұл біздің шаңырақтағы айнымас
дәстүрдің бірі.

Отбасылық бизнестің басталуына келсек,
әкем Әділбек Әйімбетов 1985 жылдан 2010 жылға дейін балық зауыты мен балық
питомнигінде бірінші басшы қызметінде болып, абыроймен зейнетке шықты. Әкей
зейнетке шыққан шағында баянды бастама көтерді. Біз, әкем, мен және үлкен апам Шолпанмен, бірлесіп отбасы бизнесін бастауға
шешім қабылдадық. Осылайша, Арал қаласындағы тозығы жетіп қараусыз қалған
бұрынғы Арал балық комбинатының тоңазытқыш цехының ғимаратын сатып алып, оны
108,4 млн теңгеге қайта жаңарттық. Ғимаратқа қосымша құрылыс салып еуростандартқа
сай жеке балық өңдеу зауыты салынды. 2011 жылы Кедендік Одаққа, 2012 жылы
Еуропа одақтас мемлекеттерге балық өнімін жіберу құұқығына ие болдық. Жаңадан
60 жұмысшы орны ашылып жұмыссыз жастарды оқытып, халықаралық стандартқа сай
сертификат алып бердік.

– Осы тұста кешегі өтпелі кезеңдегі
қиыншылықтар еске түседі. Кіші теңіздің түлеуі өңірде балық шаруашылығының
дамуына қалай әсер етті?

– Елбасының өзі «Алаштың анасы» атаған
Сыр өңірі ежелден мәдениет пен өнердің ошағы, қасиетті топырақ, құтты мекен. Ел
Пре­зидентінің Сыр өңіріне деген ерекше қам­қорлығы мен қолдауын біздің өңірдің
жұрт­шылығы жақсы сезінуде. Мәселен, мен – балық­шының ұрпағымын. Өзіңіз
тарихтан жақсы білесіз, елдің басына күн туған қиын кезеңдерде Арал балықшылары
Поволжье халқына қолдау көрсетті. Сол ұрпақтың дәстүрін жалғаушы­лардың бірі
болғаным мен үшін үлкен мәртебе.

Сыр өңірінің, Арал балықшыларының бүгінгі
тұрмысы өте жақсы. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған САРАТС
жобасының арқасында Аралдың тамырына қайта қан жүгіріп, бүгінде мыңдаған отбасы
өз нәсібін теңізден тауып отыр. Сыртқа көшіп кеткен балықшылар қайта оралуда.
Иә, Кіші Арал теңізі пайда болды, суы тұшыды, балықтың 22 түрі өзінің бұрынғы
мекені Арал теңізіне оралды. Мәселен, 2000 жылы 400 тонна ғана балық ауланса, бүгінгі
таңда балық аулау көлемі 8-10 мың тоннаға жетті. Бір ғана Арал қаласынан
еуростандартқа сай балықты терең өңдейтін2 зауыт (біздің «Арал» Сервистік дайындау орталығы» ЖШС және «Арал балық
өңдеу зауыты» ЖШС), көршілес Қазалы ауданы орталығы – Әйтеке би кентінен 1
зауыт салынып, іске қосылды.

Біздің жеке балық өңдеу зауытымыз 2014
жылы 202 млн теңгеге өнім шығарса, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 156 млн
теңгенің өнімін шығарып, оның 85% экспортқа жөнелтілді. Бұны біздің отбасының
ғана емес, бүкіл еліміздің жетістігі деп санаймын. Сондықтан өзімнің ұжым
мүшелері мен балаларыма елімнің жеткен жетістіктерін үнемі айтып отырамын. Біз
отбасымызбен бірлігі мен ынтымағы жарасқан туған жерімізде мемлекеттің одан әрі
дамуына аянбай еңбек етеміз. Менің отбасымның тірлігі мен тілегі Қазақстандағы
әрбір шаңырақтың тілегі деп білем. Сондықтан да жұртымды бұдан биік белестерді
бағындыруға, Елбасымен бірге мемлекеттің әрі қарай дамуына белсенді атсалысуға
шақырамын.

Биыл біздің Әйімбетовер әулеті «Мерейлі
отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезе­ңінде бірінші жүлдеге ие болды. Енді
біз республикалық конкурсқа қатысуға әзір­ленудеміз.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Д.ЕЛУБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз