Ақтөбеде әуеледі сыр сазы

319

0

Ақтөбеде әуеледі сыр сазыСыр елімен іргелес жатқан Ақтөбе жері – қазақ даласының тарихы бай,
келешегі кемел өлкелерінің бірі. Қара қазан, сары бала қамы үшін атқа қонған
батырлар мекені. Сөз ұстартып, өнер таратқан ақындар, аузы дуалы, сөзі уәлі
билер шыққан қасиетті топырақ.

Кеше
Ақтөбеде Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері басталды. Ауқымды шара
Ақтөбе облыстық өнер музейіндегі «Шежірелі Сыр елі» атты көрмемен ашылды. Ашылу
салтанатында сөз сөйлеген Ақтөбе, Қызылорда облыстық мәдениет басқармаларының
басшылары Н.Табылдинова, Е.Абдрахманов музей экспонаттарының құндылығы,
өнегесі туралы айтты.

Көрмеге Сыр
өңірінде жүргізілген археологиялық-этнографиялық экспедициялар барысында
жиналған жәдігерлер қойылған. Ортағасырлық Түгіскен, Баланды, Бәбіш молда,
Жанкент, Сығанақ, Жетіасар тарихи-мәдени
ескерткіштерінің қазіргі келбеті суреттелген фотокөрме де келушілерді
қызықтырды. Сол дәуірде қолданылған қыш
құмыра, мыс теңгелер, түрлі-түсті моншақтар көрмеден орын алған.

Ақтөбе жұртшылығы сырбойылық зергерлер
қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын да тамашалады.

Ақтөбе
қаласындағы Қызыл­орда облысының күндері
облыс өнерпаздарының «Сыр-Алаштың анасы»
гала-концертімен жалғасты. Сахна шымылдығын Тұрмағамбет атындағы
халық-аспаптар оркестрі ашты.

Өнер
мерекесінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова және Қызылорда облысы әкімінің
орынбасары Ақмарал Әлназарова сөз сөйлеп, көршілес қонған екі аймақтың жұрт­шылығына
игі тілек­терін арнады.

Ақтөбеде әуеледі сыр сазыКонцертте
ком­пози­торлар А.Жұ­банов­тың,
Т.Қалауов­тың әндері шырқалды. Сондай-ақ классикалық музыка шеруіне шыққан
Қуаныш Құттымұратов, Самал Байсейтова, Ұлпан Әбдікәрімова, Назым Сағынтай, Азат
Мәлікті Ақтөбе жұрты ерекше қошеметке бөледі.

Бұл күні
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрына жиналған көрермен,
әсіресе Сыр бойындағы жыраулық өнердің
туын жықпай келе жатқан жас
орындаушылардың өнерін тамашалауға асық екенін білдірді. Сахнаға жыршылар Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Нұртілек
Ақтаев, Шолпан Бимбетова, Әзілхан Мақсатбаев, Күнсұлу Түрікпенова шыққанда
бағзыдан келе жатқан баба өнерді дәріптеген өнерпаздарға ризашылықтарын
білдірді.

Халықаралық
би байқау­ла­рының лауреаты «Томирис» би ансамблінің мың бұралған бишілері де
көрермен ықыласына бөленді. Осы күні ақтөбеліктер Сыр бойынан түлеп ұшып, қазақ
әнінің көгінде қалықтаған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетованың,
Гүлхан Сіргебаеваның, Алмас Кішкен­баевтың өнерін тамашалады.

Ақтөбе
сахнасында балалар шығармашылығы халықаралық бай­қауларының лауреаттары Құралай Мейрамбек, Зульфия Айтбай, Аида Еркін
өнер көрсетті.

Көршілес
екі өңір арасындағы мәдени байланыстың,
туыстық қа­ты­настың мызғымас тұғыры ән­мен әдіптеліп, көрермен жүрегіне
орнады.

Мәдениет
және өнер күндері бүгін де жалғасын таппақ.

Гүлжазира
Жалғасова.

Ақтөбе
қаласынан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз