АУДАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

99

0

АУДАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІСырдария ауданы бойынша биыл 29041 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр. Оның ішінде, күріш 17400 гектар, жаздық бидай 720 гектар, жүгері сүрлем 200 гектар, мақсары 300 гектар, картоп 308 гектар, көкөніс 187 гектар, бақша 320 гектар, жаңа жоңышқа 2906 гектар және ескі жоңышқа 6700 гектар, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгінде аудан шаруашылықтары егін егу жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 6700 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 3111 гектар жаңа жоңышқа, 480 гектар жаздық бидай, 261 гектар арпа және 97 гектар сұлы егілді.
Егіске қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10401 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар 2617 тонна сульфат амоний, 2747 тонна карбамид, 2073 тонна аммофос минералды тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілді. Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы 100 пайыз, оның ішінде 437 трактор, 85 соқа, 44 тұқым сепкіш, 72 жүк көлігі қатысуда. Ауданымыздың негізгі дақылы күріш болғандықтан күріш егілетін жерлер айдалып, тегістеу, тырмалау жұмыстары жүргізілуде.

АУДАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз