Ауыл шаруашылығы техникасының ауқымы артты

78

0

Ауыл шаруашылығы техникасының ауқымы арттыАуыл шаруашылығы – әлемнің өркениетті 30 мемлекетінің қатарына көш түзеген еліміздің даму бағытындағы басымдыққа ие сала. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығы кешенін өркендету жөнінде міндет жүктеп келеді. 
Сыр бойы – еліміздің басты күрішті айма¬ғы. Соңғы жылдардағы рекордтық өнім ди¬қан¬дардың мерейін өсірді. Оған ¬заманауи тех¬ни¬калардың да қосқан үлесі зор. Облыс аума¬ғында ауыл шаруашылығымен айналысатын серік¬тестіктердің машина-трактор паркі жыл санап жаңару үстінде.
Мәселен, тек биылдың өзінде ауылдағы ағайындар «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзге жуық техника алған. Ал көрші мемелекеттерден немесе отандық өнімдерді жекелей сатып алып жатқан кәсіпкерлер қатары одан да мол. 
Ел егемендігін алған жылдардан бері аймақ шаруалары төрт мыңға жуық жаңа техникаларға қол жеткізген. Сыртқы экономикалық қиындықтарға қарамастан түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, оларды облыс шаруашылықтары игіліктеріне жаратуда. Оның ішінде канадалық МакДон өнімдері, ресейлік Енисей, америкалық ДжонДир компаниясының трактор-жаткалары, Қостанайдағы қазақстан-беларусь бірлескен кә¬сіп¬орнының астық жинайтын «Есіл-760» комбайны мен мал азығын жинайтын «КСК-603» комбайндары және беларустық Палессе комбайындары мен аты әлемге әйгілі брендттер шығаратын ауылшаруашылық техникалары қазірде шаруа¬шылықтардың алқаптарында жұмыс істеуде. 
Сонымен бірге шаруашылықтар лизингке шетелдік комбайндар мен жаткаларды, тракторлар мен басқа да техникаларды және оларға қажетті тіркемелерді, соқа мен тұқым және тыңайтқыш сепкіш техникаларына қол жеткізуде. 
Өңірімізде күріш консорциумының құрылуы¬мен бірге мелиоративтік техникаларды әкелу жұмыстары жандана бастады. Осы мақсатта облыс үшін мелиоративтік техникаларды алуға арнайы бағдарлама бекітілген болатын. Соның арқасында қазір жерді тегістеуші лазерлік техникалар, экскаваторлар мен тракторлар алуға қол жетті. Бұған дейін шаруашылықтар негізінен егін саласына қажетті техникаларға сұраныс жасап келсе, енді соңғы үш жылдан бері мал шаруашылығына қажетті техникаларды да көптеп алуда.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз