Ауылда қызмет жақсарып келеді

65

0

Ауылда қызмет жақсарып келедіЖуырда «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік  корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету»  де-партаментінің директоры Аида Абибуллаева «Электронды үкімет» порталы жайлы және мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Жаңақорған, Шиелі аудандарында орналасқан шалғай елді мекендерде болып, тұрғындармен жүздесті.
Жаңақорғанға сапары барысында департамент директоры алдымен аудан әкімі Ғалым Әміреевпен бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Бұдан соң Еңбек ауылында кездесу өтіп, онда мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық-құқықтық қызмет көрсету бағытында әңгіме өрбіді. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігі айтылып, барлық құжаттарды сапалы әрі жылдам алуға болатыны түсіндірілді. АХАТ бойынша жаңа туылған баланы тіркеу, әлеуметтік көмек, мемлекеттік жаңа қызметтер бойынша мәліметтер айтылды. Кездесуде жекеменшік құқығын тіркеу, есепке тұрғызу және шығару мәселелері бойынша халық тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап берілді. Тұрғындар департамент басшысына пікірлерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. 
– Мен көп балалы анамын. Халыққа көрсетіп жатқан қызметтеріңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған дейін бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы және басқа да құжаттарды әзірлеу үшін бірнеше күн аудан орталығына бару қажет еді. Қазір ешқайда барудың, кезекке тұрудың да қажеті жоқ. Барлық құжаттарымды бір күнде рәсімдеп алдым, – дейді зейнеткер Перуза Исмайлова.
– Мен осы ауыл мектебінде талай жыл қызмет етіп, жақында зейнетке шықтым. «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы демде барлық құжаттарым рәсімделіп, осы күні талай жылғы еңбегімнің зейнетін көріп отырмын. Бүгін, міне, кезекті зейнетақымды алуға келдім, – дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер ұстаз Есенгелді Ержігітов. 
Кезекті кездесу Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында жалғасты. Департамент директоры «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің жұмысымен танысты. Онда электрондық мемлекеттік  қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы жетістіктері оң бағаланды. Қазіргі таңда «Қазпошта» бөлімшесі 26 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетуде. Осыдан үш жыл бұрын іске қосылған жоба аясында бүгінгі күнге дейін 2678 мемлекеттік  қызмет түрі  көрсетілді. 
Бұрын мекен жай, жылжымайтын мүлік тіркелімі бойынша анықтамалар алуға, жер учаскесін рәсімдеуге, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді реттеу және басқа да қызмет түрлерін алу үшін аудан орталығына бару қажет болатын. Ал қазір электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтінішпен барлық жұмысты шешуге болады. 
Сұлутөбеліктер ХҚКО жұмыстарына риза екендіктерін білдіріп, оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылып, уақыт үнемделгеніне, әсіресе қарт адамдарға мемлекеттің жасаған қамқорлығына ризашылықтарын білдірді. 
ХҚКО басшысының арнайы уақыт бөліп, шалғай ауылдар тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені рес¬публика көлемінде мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр. Халықпен етене жақындасып, пікірлерін тыңдау, қолдан келген көмегін беру, жұмысқа игі ықпалын тигізеді. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз