АЙДЫН КӨЛДІ АЯЛАҒАН

120

0

АЙДЫН КӨЛДІ АЯЛАҒАНҮстіміздегі жылғы 11 шілдеде Арал
ауданының Қамбаш көлі жағасында облыс балықшыларының бірінші слеті өткізіледі.
Айтулы шараға қатысушылар саланың тарихына қатысты жәдігерлермен, балық
өнімдерінің көрмесімен танысады. Слетте еңбек озаттарын марапаттау шаралары
өткізіліп, балық аулау мен ескекті қайықпен жарыс сайыстары ұйымдастырылады.
Сонымен бірге слетке қатысушылар гала-концертті тамашалайды.

Ал 10 шілде
күні Қазалыда БҰҰ Даму бағдарламасы облыс әкімдігімен бірлесіп аймақта балық
шаруашылығын және тауарлы балық өндірісін дамыту мәселелеріне арналған
семинар-кеңес өткізеді.

Ұзын бойлы, сом тұлғалы отағасымен бетпе-бет жүздескенде
іштей қайран қалдым. Жасы жетпістің мол ортасындағы көкеміздің қимыл-қозғалысы тым ширақ. Салалы саусақтарының тегеуріні темірдей.
Жастайынан еңбектің қазанында пісіп-жетілгені байқалып тұр. Әлі күнге ау салып, ескек есіп, бақша егіп,
пішен орады екен. Қыста жылым тартып, үкі ояды.

«Біздің әкей
сүйменмен мұз ойғанда анау-мынау жас
жігіттер ілесе алмайды. Сүйегі асыл, табиғаты ерекше жара­тылған адам» дейді
ортаншы ұлы, танымал дәстүрлі әнші Әзілхан ініміз. Оның даусынанәкеге деген құрмет, мақтаныш лебі есті. Маған үлгі тұтар асқар
тауыңның жаныңда жүргені қандай
ғанибет деген ой келеді.

Әңгімеміздің өзегіне айналған Нағашыбай Мақсатбаев
ақсақалды ауылдастары ерекше қадір тұтады. Оған себеп те жоқ емес. Қазақта «Құт
қонып, қыдыр дарыған” деген сөз бар. Мақсатбаевтарды да сырт көз бақыт қонған
әулет деп есептейді. Нағашыбайдың өзі
көпбалалы отбасынан шықса, өмірлік серігі Жұпар екеуінен тараған ұл-қыздары да
өсіп-өніп, рулы елге айналды. Тек, тіл-көзден сақтасын. Лақалыдағы мектептің әр сыныбында Мақсатбаевтардың
қарадомалақтарын кездестіруге болады. Нәкеңнің әулеті ынтымағы жарасқан
жандардан құралған. Қарашаңырақта ағайынды жігіттер, бірнеше келін ұзақ уақыттан бері еншілерін
ажыратпаған қалпында жарасымды тірлік кешуде. Баршасы Нағашыбай ағаның қас-қабағын бағады. Алайда бауыры бүтін пенде
жолықпасы анық. Іргелі әулеттің ұйытқысы Жұпар анамыз мұнан бірнеше жыл
бұрын дүниеден озды. Осынау үлкен- кішіге тегіс сыйлы аяулы жанның ауыр қазасыбәріне, әсіресе Нағашыбайкөкемізге аса қиын тиді. Десе де, қайсар мінезіне салып мойымады. Өзіне жүктелген әулет
жауапкершілігін жан-дүниесімен ұғынды. Қарт қыранша дүр сілкінді. Қолға алған
тірлікті жарты жолда қалдырмауға бел буды. Бауыр етінен жаралған перзенттері
жүкті бірге бөлісті.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Нағашыбай
жетекшілік жасайтын «Мақсатбай» шаруа қожалығы қазір төрт аяғын тең басуда.
Құрылғанына біршама жыл болған ұжым
өткен жылдың өзінде 1,5 тоннадай балық аулады. Талай облыс, аудан басшылары
тарапынан марапаттар иеленді. Нағашыбай ағаның Ақкөлді жалға алып, осы кәсіппен
шұғылданғанына 20 жылға қадам басыпты. Ешкімнен кәсібіне байланысты теріс
әңгіме естіген емес. Көл қолға тигенше уәдені үйіп-төгіп, соңынан қолға шырақ
алып іздесең таптырмайтындарға жаны мүлде қас. Осы аралықта өзінің
міндеттемесіндегі көлді суландыру, балық
қорын молайту, шабақ салу, басқа да міндеттемесін орындамаған сәті әсте
кездеспепті. Бұл сөзіне ісі кереғар әлдекімдерге сабақ болары хақ.

Ақкөл болса Қуаңдария жүйесі арқылы суландырылады.
Айдын аумағының басым бөлігі пайдаланылуда. Нақты кезеңде секундына23 текше метр су құйылуда дейді білетіндер. Ағамыздың пісенттілігімен
көлдегі балық түрі 14-ке дейін жетті. Олардың арасында өте сирек кездесетін
қаяз, ақ амур, дөңмаңдай тәрізді бағалы түрлері өсіп, көбеюде. Кереметі көлдегі
балықтар егіс алқаптарында қалған су көздерінен
алынады. Бұл – бір жағынан шабақтардыжаппай қырылудан сақтаса,
екіншіден су маржанының санын ұлғайтудың тиімді жолы.

Шаруа қожалығы ешқандай несиесіз-ақ қыруар істі өз
қаражаттарына бітіріп жатыр. Балық аулауқұралдары, қайық жеткілікті.
Ұжымдағы 5 адам жылдық балық аулау лимиті он тоннаны толық орындап, ауланған
балықты аудан орталығына жіберуді ұйымдастырды.

Іске сәт, Ақкөлдің алып адамы. Ауларыңыз майлансын,
балықшы қауым.

Жұмабек
ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз