АЙМАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

92

0

<!–
[if gte mso 9]>

Normal
0

false
false
false

MicrosoftInternetExplorer4

АЙМАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫКеше облыс әкімі Қырымбек
Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 5 сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттары Абзал Ералиев пен
Геннадий Шиповских қатысты. Сессияның күн тәртібінде бекітілген мәселелер
талқыланар алдында  облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев халық қалаулыларына Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің аймаққа іссапары
мен «Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық қомиссияның Мәскеудегі  отырысының қорытындылары жайлы қысқаша
ақпарат берді.


Өздеріңіз білетіндей, өт­кен ап­тада шілденің 7-сі күні Қа­зақ­стан
Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов об­лы­сымызға жұмыс сапарымен
келді. Сапар аясында біз Үкімет басшысына Байқоңыр қаласының бүгінгі жағдайы
мен «Байқоңыр» кешеніне байланысты республика деңгейінде шешімін табуы тиіс
мәселелер туралы жан-жақты ақпарат бердік. Жалпы, Үкімет басшысының бұл сапары
мен оған іле-шала 8 шілде күні Мәскеу қаласында өткен Үкіметаралық комиссия
отырысында «Байқоңыр» кешеніне байланысты қордаланған бірқатар мәселелер алғаш
рет ашық талқыланып, кейбір мәселелер төтесінен қойылды, – деді облыс басшысы.

Сапар
барысында Премьер-ми­нистр Байқоңыр қаласы дамуының бас жоспары және қалаға
іргелес жат­қан – Төретам және Ақай елді мекендерін дамыту жоспары­мен танысты.
Кешенді жалға беру жағдайындағы Байқоңыр қала­сын дамытуға Қазақстан Рес­пуб­ликасының
қатысу мүмкін­діктері талқыланды. Байқоңыр тұрғындарының үштен екісі Қазақ­стан
азаматтары бола тұра, біз қаланың инфрақұрылымын дамытуға араласа алмаймыз.
Оған құқықтық негіз жоқ. Бұл мәселе 8 шілде күні Мәскеу қаласында өткен
«Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссия отырысында көтерілді.

Жұмыс
сапары барысында Үкімет басшысы Байқоңыр қаласының бірнеше әлеуметтік
нысандарымен танысты. Соның ішінде жақында ғана Ресейден Қазақстанның құзырына
қайтарылған алты мектептің бірі – №277 орта мектеп және 2010 жылы Қазақстан есебінен салынып, 6 жыл бойы жұмыс
жасамай тұрған перзентхана болды.

Облыс
әкімдігі аталған перзентхана негізінде облыстық медицина орталығының филиалы
ретінде жұмыс істейтін диагностикалық емханасы бар көпсалалы аурухана ашуды
ұсынды. Ол Байқоңыр қаласының тұрғындарымен бірге Арал, Қазалы және Қармақшы
аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетуі тиіс. Өкінішке орай, кейбір ресейлік
мекемелер бұл мәселенің шешілуін тым созып жіберді. Сондықтан Байқоңыр
қаласындағы медициналық мекеме мәселесінде Мәскеу қаласында өткен Үкіметаралық
комиссия оты­ры­сының назарына табанды түрде салуға тура келді. Соның нәти­жесінде,
шілденің 11-нен бастап Байқоңыр қаласында қазақстандық медициналық мекеме ашу
туралы шешім қабылданды.

Аймақ
басшысы бұған дейін Байқоңырда медициналық қызметті тек ресейлік мекемелер
көрсетіп келгенін атап өтті. 1-тамыздан бас­тап Байқоңырдағы облыстық медицина
орталығының филиалы алғашқы науқастарын қабылдай бастайды. Сондықтан бұл да
ерекше әлеуметтік маңызы бар шешім деуге болады.

Облыс
әкімі 8-шілде күні Мәскеу қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей
Үкіметаралық комиссиясының 4-отырысында көте­рілген мәселелерге кеңінен тоқ­талды.
Оған Қазақстан тарапынан – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан
Сағынтаев, Ресей тарапынан – Ресей Федерациясы Үкіметі  төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин
төрағалық етті. Күн тәртібіне 24 сұрақ, соның ішінде 8 мәселе Қызылорда облысы
әкімдігі тарапынан ұсынылды. Отырыста Қазақстан мен Ресейдің мүдделерін ескере
отырып, «Байқоңыр» кеше­ніндегі ынтымақтастық тұжырым­дамасын әзірлеу барысы
талқыланды. Сондай-ақ, «Байқоңыр» кешенінің жұмысы мен ондағы бірлескен жобалардың
жай-күйі қаралды.

Облыс
әкімдігінің ұсыныстары не­гізінде Байқоңырдағы қалалық ин­­женерлік және
әлеуметтік инфра­­­­­­­құрылымдарды дамыту, со­­ның ішінде тұрғындарды сумен
қамтамасыз ету, газдандыру және медициналық қызметпен қам­ту сұрақтары жан-жақ­ты
тал­қыланды. Ресей тарапы шұғыл түрде қаланың инженерлік желілерін жаңарту
қажеттігін мойын­дады. Байқоңырдағы инфра­құры­лымды да­мытуға Қазақ­стан­ның
қатысуы мақұлданды.  Ал кәсіп­керлікті
дамыту мақсатында «Байқоңыр» кеше­ніндегі 14 нысанды Қызылорда облысының
коммуналдық меншігіне беру мәселесі оң шешімін тапты.

Сондай-ақ,
Ресей жағы қыркүйек айына дейін жалға алынған жердің 11,6 мың гектарын
кәсіпкерлікті дамыту үшін Қазақстанға қай­тару мүмкіндігін ресми түрде тал­қы­ламақ.
Отырыс барысында  қуаттылығы 72 мВт
энергопойызын біздің коммуналдық меншікке беру мәселесі де оң шешімін тапты.
Қаланың электр қуатына деген сұранысын толығымен дербес қамтуға мүмкіндік беру
үшін энергопойыз «Қызылорда электр-жылу орталығына» қосылады.

Үкіметаралық
комиссия отыры­сының қорытындысы бойынша екі ел «Байқоңыр» кешеніндегі
әріптестікті нығайта түсуге келісті. Комиссия төрағалары алдағы қыркүйекке
жоспарланған кезекті комиссия отырысын Қызылорда қаласында өткізуге және ғарыш
айлағының болашағы туралы, Сыр өңірі мен оның тұғындарына берер пайдасы мен
келтіруі мүмкін зиянын ашық талқылау жайлы облыс әкімдігінің ұсынысына келісім
берді.

Сессияда
мұнан кейін облыс әкімі Үкімет басшысының назарына «Қамбаш» сауықтыру
орталығында суармалы жерлер проблемаларының ұсынылғанына тоқталды. Қызылорда
облысы бойынша 60 мың гектар жердің төрттен бірі суландыру инфрақұрылымының
нашарлығынан игерілмей тұр. Кейбір шаруа қожалықтарымыз мемлекетке алақан
жаймай-ақ, жерді игеріп, шаруасын дөңгелентіп отыр. Бұндай серіктестіктер мен қожалықтарды
экономикалық тұрғыдан ынталандыру мәселесі айтылды. Мелиоративтік жұмыстарға
субсидия арқылы арнайы техникалар алуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл жайында
кеңес отырысында кеңінен әңгіме болды.

«Сырдария
өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бө­лігін сақтап қалу»
жобасының екін­ші кезеңінің жүзеге асырылуы Үкі­мет алдына қойылды. Бұл жобаны
қаржыландыратын Дүниежүзілік Банк тарапынан қаржы бөлу ке­шеуіл­деп жатыр.
Сонымен қатар, оны рес­публикалық бюджеттен қаржы бөлу арқылы іске асыру
мәселесі сөз болды.

К.Мәсімов
«Аралтұз» кәсіп­орнында болып, дайын өнім цехын, орау және шикізатты өңдеу
цехтарын көріп, тұз өндірудің технологиялық үдерісімен танысты. Мәселен,
«Аралтұз» АҚ экспортқа өнімнің 57 пайызын шығарып отырса, соңғы екі жылда Ресей
нарығының 10 пайыздық үлесін өз қолына алды. Биылғы жылдың шілде айында мұнда екінші испандық өндіріс цехы ашылды.
Бұл – өнім өңдіру 7 есеге артады деген сөз. Және жоба қуаттылығы жылына 320 мың
тонна өнімді құрайды. Екінші цехты іске қосудың арқасында өндіріс қуаттылығы
артып, 200 жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс
басшысы Премьер-министр атқарылып жатқан жұмыс­тарға жоғары баға бергенін атап
өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Барлық көтерілген мәселелер Үкімет басшысы
тарапынан қолдауға ие болды. Қажетті тапсырмалар орталық атқарушы органдарға
берілді.

Бұдан
өзге ауқымды жұмыс­тардың бірі 9 шілдеде Арал ауда­нындағы Қамбаш көлінің
жағасында өткізілген ІІ Балықшылар слеті. Бұл шараның қатысушылары мен
ұйымдастырушылары биыл­ғы слетті ел тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына арнады. Слет
аясында «Балық шаруашылығының өткені мен бүгіні және келешегі” тақырыбында
ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «САРАТС” жобасының алғашқы сатысы аймақта
балық шаруашылығының қанатын кеңге жайып, дамуына ықпал етті. Соңғы екі жылда
балық өнімін экспорттау көлемі 45 пайызға артты. Биылдың өзінде экспорт
ЕуроОдаққа 2 есеге, ЕАЭС елдеріне 2,5 есеге артқан.

Қырымбек
Елеуұлы мұнан кейін 2016 жылдың  екінші
жар­ты­­­жылдығында қол жеткен жетіс­тік­терге қысқаша тоқталып өтті. Ал­ғашқы бесжылдықта
Индустриялан­дыру картасы бойынша жүзеге асы­рылған 17 жобаның 11-і жоспарды
100 пайызға орындау үстінде. Мұ­най секторынан басқа салаларда ай­тарлықтай
өсім байқалады (123,3 пайыз).

– Шыны
зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жақында Жаңақорған ауданында ресейлік
компаниямен бірлесе цемент зауытының құрылысы басталса, алдағы кезеңде қытайлық
инвесторлармен әріптестік негізінде Шиелі ауданында құны 64 миллиард теңгені
құрайтын цемент зауыты салына бастайды. Бұл екі нысанның өзі 400 жаңа жұмыс
орнының ашылуына себеп болады. 2018 жылы аталған жобалардың жемісін көре
бастаймыз, – деді аймақ басшысы.

Индустриалды
бесжылдықтың аясында құны 374 миллион теңге болатын 50 жоба бойынша жұмыс
істемекпіз. Оның 9-ы ағымдағы жылы жүзеге асырылады. Бұл жобалар бойынша
5000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды даму
үстінде. Бұл күнде кәсіпкерлік субъектілерінің қатары толысқан. Биыл түрлі
бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті қолдау үш есеге артып, бөлінген қаржы 5,7
миллиард теңгеге жуықтады. Шағын несие беру 2,5 есеге артып, 2,4 миллиард
теңгеге жетіп отыр. Даму қарқыны жоғарылаған салалардың бірі – ауыл шаруашылығы
саласы (103,9 пайыз).

Осы
күні шағын өндірістердің басын біріктіріп, кооператив құру ісі қарқынды
жүргізіліп келеді. Қолдағы көне техникамен күн көріп, Жер-Анаға еккен өнімін
тегіс жинай алмай, көрші шаруашылықтардың техникасына жәутеңдеп қарап күтіп
отыратын ұсақ шаруашылықтар көп. Алдағы уақытта олардың барлығы бірігіп, ірі
кооперативтерге айналмақ. Бұл күнде 229 ұсақ шаруашылықтың басын қосқан 56 ауыл
шаруашылығы кооперативі құрылды. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы –
2020» бағдарламасы аясында «Ауылда жұмыспен қамту» партиялық жобасы іске
асырылуда. Бұл жобаға шағын несиелендіру бойынша 920 миллион теңге бөлінбек.

Шағын
тауар өндірушілерге 6 миллион теңгеге дейін несиелер беріледі. Ауыл
шаруашылығын дамыту мақсатында ет және сүт бағытында субсидияға қол жет­кізу
үшін ауылшаруашылық коо­пе­ра­тивтерін құру және шағын несие­лендіру үшін
пилоттық бағдарлама жасалды

Жұмыссыздық
деңгейі облыс­та әлдеқайда төмен. Жыл басынан облыста мекемелерден 259 адам (90
адам Байқоңыр қаласынан) жұмыстан қысқарса, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында
5747 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 5073-і тұрақты жұмыс орындары.

Қызылорда
құрылыс қарқынын бәсеңдетпек емес. 220 мың шаршы метрден астам тұрғын үй
пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы нәтижеден 10 пайызға артық. Алғашқы алты
айда мыңдаған отбасы өздерінің  ұзақ жыл
күткен баспаналарына қол жеткізді. Биыл тек бюджет есебінен 67 көпқабатты үй
тұрғызылады. Онда 3329 отбасы қоныс тойын тойлайды.

– Дәл
мұндай құрылыс қарқыны Қызылорданың тарихында бұрын-соңды болмаған. Бұдан бөлек
жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін қала аумағынан 6600 азаматқа жер телімі
үлестіріліп берілді. Жер кезегінде тұрған 50 мыңға жуық аза­маттың саны қаншаға
азайғанын көріп те отырған боларсыздар. Нәти­жесінде 36 мыңнан астам халқы бар
«Бәйтерек» шағын ауданының іргесі қаланды, – деді облыс басшысы.

Мемлекеттік
бюджеттің тү­сім болжамы 24 пайызға артық орын­далған. Оның ішінде жергілікті
бюджеттің болжамы 27 пайызға артық орындалды. Осылайша бюджеттің кіріс бөлігі
5,7 млрд теңгеге толықтырып отыр. Бюджет бұрынғыдай әлеуметтік сипатта болады.
Ал аймақтың дамуы үшін бюджеттен 40 миллиард теңге қаражат бағытталады.

Мұнан
соң сессия күн тәрті­біндегі мәселелер талқыланды. 2015 жылға арналған облыстық
бюд­жеттің ат­қарылуы жайлы облыстық қаржы бас­қармасының басшысы Талғат Жақып­баев
хабарлама жасады. Бұған дейін тұрақты комис­сиялардың бірлес­кен отыры­сында
барлық  мәселе толық­қан­ды
талқыланғандықтан депутаттар бір ауыздан бекіту туралы дауыс берді. Ал
«2016-2018 жылдарға ар­налған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №325 шешіміне өзгерістер мен толық­тырулар
енгізу туралы облыстық эко­­номика және бюджеттік жоспар­­лау басқармасының
басшысы Сәуле Құлымбетова хабарлама жасады. Халық қалаулылары бюджеттік
өзгерістер мен толықтыруларды бір­ауыздан қолдады. Сессияда күн тәртібінде
белгіленген басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер шығарылды.

 

Ыдырыс
ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз