АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

37

0

АЙМАҚАРАЛЫҚ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫДағдарыстың қиынкезеңінде бизнесті дамытудың оңтайлы жолдарын табуға көмектесу тек
кәсіпкерлерге ғана емес, сондай-ақ мемлекетке қиын кезеңнен шығуға көмек
көрсету болып табылады.

Сенбі күні Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы
қазақ музыкалық драма театрында «Сырбойы» Қызылорда кәсіпкерлер қауымдастығының
ұйымдастыруымен өткен «Сырбойы Бизнес Форум» осындай мақсатты көздеді. Бұл
бизнес-форумның басты міндеті – қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстандық бизнестің дамуын талқылау,
кәсіпкерлерге жүргізіп отырған және
болашақ бизнестерін ашуға қажетті
ақпаратпен байланыстың толық спектрін ұсыну болатын. Ол міндет орындалды деп
алдын ала сеніммен айтуға болады.

Форумға респуб­ли­ка­­­­­­­­мыз­­­­­дың барлық ай­мақ­­­­­­­­­тары­­­ның
белсенді кә­­сіп­­­кер­­­­­лері мен бизнес-қа­уым­­дас­тық салаларының бас­­шы­­­лары
қатысты. Форум жұмысы «Аймақаралық ынтымақтастық” атты ша­ғын және орта бизнес
көрмесінің ашылуымен басталды. Көрмеде кә­сіп­керлікті қолдау бағы­тындағы
мемлекеттік бағ­дарламалармен таны­су­­ға мүмкіндік болды. Қы­­­зылорда
облысымен қа­тар Қарағанды, Оңтүстік Қа­зақстан, Жамбыл, Ақмола және Алматы
облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін көрмеге шығарды. Олардың арасында
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің басымдылығы айқын көзге түсіп тұрды.
Оңтүстік кәсіпкерлер шығарған өнімдер әртүрлі саланы қамтыды.

Форумның «Қызылорда облысының экспорттық, сауда-саттық
және инвестициялық мүмкіндіктері: Ресей, Қытай және Иран» деп аталатын екінші
бөлігінде қатысушыларға шетелдік
кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастық басшыларынан көршілес жатқан алып елдеріне экспорттық мүмкіндіктері жайлы
өзекті ақпараттар алды.

Форум аясында отандық өнімді Ресей, Қытай және Иран
мемлекеттеріне экспорттау, Қызылорда облысының сауда-саттық және инвестициялық
мүмкіндіктері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысушыларға
өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайынан хабардар
етіп, Қызылордада өткізілген инвест форумдар туралы айтып өтті. Ал Қызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Атамекен» ҰКП әр өңірдің ерекшелігін ескере
отырып, кәсіпкерлік саласына қатысты арнайы карта әзірлегенін жеткізді.

Картада әр өңірдің әлеуеті, инфра­құрылымға
қолжетімділігі, шикізат қоры, маманданған саласы туралы нақ­ты ақпаратпен қамту
көзделген. Өңір­лік кәсіпкерлікті дамыту картасы әрбір өңірдің басты
сауалдарына: атап айт­қанда, өңірдің мамандану деңгейін айқын­дайтын факторларды, нарықтағы тауар­лар
мен көрсетілетін қызмет нары­ғының жұмыс істемейтін немесе жеткілікті
игерілмеген салаларын, аймақтың өсу
нүктелерін, өңірдегі нақты бизнес ортаның жағдайын, бизнестің дамуы барысында
жиі кездесетін кедергілерді және даму
локомотиві бола алатынбизнес-субъектілері қайсысы деген сынды сұрақтарға жауап береді.

«Сыр бойы кәсіпкерлері қауым­дас­тығының» басқарма
кеңесінің төрағасы Данияр Жанұзақовөткізіліп отырған форум халыққа қажетті көптеген өнім түр­лерін шығарып,
алды экспортқа өнім­дерін сата бастаған кәсіпкерлерімізді ішкі нарықты белсенді
түрде игеруге шақыру мақсатын көздейтінін айтып өтті. Мысалы, кәсіпкерлеріміз шы­ғарған өнімдерін
көрші облыстардың өзіне дұрыс сата алмай отыр. Себебі, бизнес қауымдастықтардың
бір-бірі­мен қатынасы әлсіз, болмаса жоқ есебі. Яғни, ішкі нарықты игеруде бел­сенді
қимыл жоқ. Республиканың көп­теген аймақтарында индустриалды – инновациялық
бағдарламаға сәйкес 800-дей кәсіпорын құрылды. Бірақ біз олардың қандай өнім
шығарып жатқанын білеміз бе? Мысалы, Ақтөбе мен Петропавл қалаларында мұнай-газ
саласына қажетті бөлшектер, құралдар шығарылуда, экспортқа да сатылып жатыр.
Қызылорда облысында мұнай-газ саласында жылына 40-45 млрд теңгеге осы салаға
қажетті бөлшектер, құбырлар, іс құралдары шет елден әкелінеді. Бұл біз білетін
бір ғана мысал. Басқа салаларда да осындай жағдай қалыптасқан.

Осы мәселеге байланысты, Рес­пуб­ликалық «Атамекен»
кәсіпкерлер палатасы, оның аймақтық филиалдары арқылы әр облыс шығаратын өнім
түрлерін, сатылатын көлемі, бағасы, транспорттық жеткізілуі сияқты
критерийлерін көрсете отырып, өнімдер тізімін жасап, аймақтық кәсіпкерлер
палатасына беру туралы ұсыныс жасалды. Бұл аймақтық тауар айналымын
жоғарылатуға жақсы кө­мектеседі деп сеніммен айтуға болады Мысалы, біз көрші
Шымкенттің цемент, көкөніс сияқты бірнеше өнімін ғана білеміз және тұтынамыз.
Ал Шымкент өнеркәсібі әлеуетті қала, шығаратын өнім түрі де баршылық.

«Сырбойы кәсіпкерлер қауым­­­дастығының» атқарушы
директоры Айбатыр Серікхан қауымдастық бүгінде 60-тан астам компанияны
біріктіріп, кәсіпкерлер үшін тәжірибе алмасып, бизнес мүмкүндіктерді талқыға
салып, ой-пікір бөлісетін ортақ бір алаңға айналып отырғанын атап өтті. Ол
бектілген бірнеше жобалар туралы ақпараттар берді.

Workshop атты жоба аясында Қазақстанның және Ресейдің
түкпір -түкпірінен өз саласына еңбегі сіңген, айтар сөзі, бөлісер тәжірибесі
бар бизнес тренерлері кәсіпкерлермен кездесіп,ең өзекті тақырыптарда 1-2 күндік тренингтер ұйымдастырылуда. Келесі
жоба Business Breakfast – секторалды таңғы астар. Таңғы ас барысында
кәсіпкерлер бір-бірімен танысып, байланыс құрып, серіктестік орнатып жатады.
Koldau жобасы аясында аталған мекемелердің функциясы мен мемлекеттік қолдау
құралдарын кәсіпкерлерге жеткізу үшін ыңғайлы, қол жетімді платформа
ұйымдастырылады. Ойларында жүрген барлық сұрақтарға сол уақытта нақты жауап
алатын мүмкіндік болады.

Жылына 4 рет алыс-жақын шет елдердің кәсіпорындарына,
фабри­ка, зауыттарына және ең үлкен көр­мелерге іссапарлар ұйымдастырып, жетек­шілерімен
тәжірибе алмасып, серіктестік қарым-қатынасты орнататын Business Sapar атты
жоба да бар. Шет елге шығып,
жаңалықтарды өз көзімен көріп, елімізге жаңа технологиялар және идеялармен
оралып жататын жағдайлар жоқ емес.

«KazFood» компаниясының директоры Абдулла Рапиевтің
Ресейге экспортқа өнім шығарудың ерекшеліктері туралы баяндамасын қатысушылар
асқан қызығушылықпен тыңдады. Сол секілді Қытай Халық Республикасы Гуанжоу
қаласындағы «Казка» өкілі Уәлихан Нұржауповтың, «Meat Production & Servis»
компаниясының директоры Бақытжан Әбдірасиловтың Қытайға және Иранға экспортқа
өнім шығару туралы айтқандары да тыңдаушыларын бейжай қалдырмады. ОҚО
кәсіпкерлер палатасы өкілі Нұрлан Қабыштаев өңірлер арасындағы байланыстарды
арттыру жайындағы ойын ортаға салды. Баяндамашылар форумға қатысып отырған
кәсіпкерлер тарапынан қойылған сан түрлі сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Форум жұмысы соңында іс-шараны өткізуге қолдау
білдірген бірқатар компанияларды марапаттау рәсімі өтті.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз