АЙШЫҚТЫ СӘТ

84

0

Жуырда еліміздің бас қаласында көптен күткен халықаралық көрменің шымылдығы түрілді. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға өзім де куә болдым. «EXPO-2017» көрмесінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, ұмытылмастай әсер сыйлады. Сфера үстіндегі шоу – лазерлерді, проекцияларды, шамдар мен музыканы қамтитын таңғалдырарлық сәулелер және фонтан шоуы тіпті көз тартады. Бұл күнде Астана «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технологиялар мен инновациялар алаңына айналған. Ел ордасының абыройы асқақ, мерейі үстем. Әрине, бұл жетістік әрбір қазақстандықтың көңілін шаттыққа бөлеп, жүрегіне қуаныш ұялататыны сөзсіз. 
Көрме Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме ретінде ерекшеленеді. Біз бұл биікке бүкіл ТМД кеңістігінің, бүкіл түркі дүниесінің, бүкіл мұсылман әлемінің арасынан бірінші болып қол жеткіздік. Жалпы, «EXPO»-ны өткізген мемлекеттер бүкіл Азияның өзінде саусақпен санарлық. Мәселен, көрме өткізу тәжірибесі бар Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай сияқты алпауыт елдер қатарын Қазақстан толықтырды. 
Еліміз үшін айтулы халықаралық шараны абыроймен және ұйым¬шылдықпен өткізудің маңызы жоғары. Бұл – бәріміз үшін сын әрі зор жауапкершілік. «Өзгеге қара, өзіңде барды да көрсет» дейді. Тәуелсіздігі тұғырлы, мәртебесі асқақ Қазақстанның паш ететін жетістігі баршылық. Осы ретте «EXPO-2017» көрмесі таптырмас мүмкіндік.
Ақнұр БӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Қызылорда қаласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз