АЙЖАН – «СЫР ЖҰЛДЫЗЫ»

51

0

<!–
[if gte mso 9]>

Normal
0

false
false
false

MicrosoftInternetExplorer4

АЙЖАН – «СЫР ЖҰЛДЫЗЫ»Жуырда
көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат өткен
болатын. Аталған сайыста Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектептің 4 «а» сынып оқушысы Айжан Әбілбек мойнына қос алтын
тақты. Топтық бағдарлама мен жекелей сында биіктен көрінген Айжанның бұған
дейінгі бағындырған белестері де аз емес. Біз оның ұстаздарымен, ата-анасымен
тілдесіп, жас өнерпаз туралы кеңірек білуге тырысқан едік.

Гимнасшы қыздың әке­­сі Алтынбек Көптілеуов – Бай­­­­қоңырдағы
мекеме ин­женері, анасы Гүлшарад Есенбаева – №275 мектептің педагог-психологы.
Інісі Мұхаммеджан  – балабақшада.
«Айжанның сүйікті ісі – өлең, шығарма жазу, сурет салу, би билеу, мәнерлеп оқу.
Көркем гимнастика,ағылшын тілі үйірмелеріне қатысады. Мінезі – салмақты,
еңбекқор, оқуға зерек, ол әр ісіне үлкен жауапкершілікпен  қарайды», – дейді анасы қызы туралы.

Кішкентай гимнасшының алғашқы ұстазы бастауыш сыныптың
тәжірибелі мұғалімі Гүлмира Халдарова: «Айжан мектепке келген алғаш күннен-ақ
өзінің жан-жақты қабілеттілігімен сыныптастарынан ерекше көріне бастады. Оқуға
деген ынтасы, зейіні, мәнерлеп оқуға деген қызығушылығы ұстаздар назарын өзіне
аударды. 1- сыныпта мектепішілік мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Сол жылы
қалалық «Забава» конкурсында Айжан өзінің «Мен әлемді сүйемін» өлеңімен І орынды
жеңіп алды. Қалалық «Отаным менің» атты мәнерлеп оқу сайысында да өзгелерден оқ
бойы озып шықты», – деп шәкірті туралы ағынан жарылды.

Айжан 2-3 сыныптарда көркем гимнастика бойынша сайыстарда
жүлдегер атана бастаған. Ақтау қаласында көркем гимнастикадан өткен «Каспий
жұлдыздары» атты турнирде І орынды иеленді. Шымкент қаласы әкімінің кубогі үшін
жарыста, Байқоңыр қаласында өткен «Қысқы ертегі», «Көктемгі қарлығаштар» атты
біріншіліктерде жүлделі орындарды иемденді. Оның бұл спорт түрімен шұғылдануына
анасы себепкер болыпты. Алғашқы жетекшісі – Байқоңыр қаласындағы көркем
гимнастика саласы бойынша аға жаттықтырушы Людмила Николаевна. Ол Айжанның бойындағы талапты жазбай танып, өнерін
шыңдады, 3 жылда осыншама жетістікке жетуіне қол жеткізді.

Қазір Айжан  Байқоңырдағы
көркем гимнастика саласы бойынша аға жаттықтырушы Анна Устеменконың
тәрбиесінде. Айжанның әрбір жетістігі мен жеңісі жаттықтырушысының еңбегі
екендігін Айжан мен оның ата-анасы қуана айтады. Әрине, ұстаздан шәкірт озар.
Өнерің өрге жүзе берсін, Айжан!

 

Нағымжан
САУЯЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз