ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛҒЫМАЙТЫН САҚШЫСЫ

149

0

«Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпымемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғам¬дық ой-пікірдің озғын өкілі» (З.Қабдолов.  «Сөз өнері». Алматы-«Өлке», 2014).
Сөз өнері мұраларының ұрпақтар¬ға танылған таңдаулы сипатта сұрыпталуында, шеберлікпен жазылуында әдебиет сыншыларының қызметі айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді. Біз қазақ әдебиетінің  ежелгі тарихындағы Әбунәсір әл-Фарабиден сабақтанып, бүгінгі күн¬дерге дейін жеткен көркем әдебиет сыншылдығының шығармашылық дәстүрлі жолы бар екендігін айта аламыз.
Қазіргі қазақ әдеби сыны саласындағы көрнекті қаламгер Бақыт Сарбалаұлының әдебиетшілік-шығармашылық тұлғасында өзіндік сымбатын айқындайтын ерек¬ше¬ліктері сараланып көрінеді. Біріншісі – әдебиеттің эпостық, лирикалық, драмалық тектеріне қа¬тысты жанрлардың барлығына да теориялық сауатты, терең ойлы талдаулар жасайтын біліктілігі, оқымысты ғалым тұғырындағы ғылыми-теориялық  жан-жақты, терең білімпаздығы. Бұл арада сөз өнерін танытқыш ғылымның әдебиеттің теориясы, тарихы, сыны атты тараулардан құралатын жүйесіндегі қағи¬да¬лардың аясында ұлттық және әлемдік әдебиет шығармаларын сабақтастыра баға¬лайтын поэтикалық заңдылықтар сыншының бұлжымас ұстанымы болып келеді. Көркем әдебиет жанрларын тал¬даумен бірге ол кейде қазақтың көркем әдебиет сынының қазіргі заманғы (ХХ ғ. екінші жартысы мен ХХІ ғ. басы) бірнеше толқын буыны, сыншылары хақында да ой толғайды. Яғни, өзі жастайынан ортасында келе жатқан сыншылар жа¬сағы еңбектерінің үнемі алдаспандай жарқылдаған өткірлігінің мұқалмауын назардан қалдырмайды. Екіншісі – қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы күресіндегі күретамыр арна – қазақ тілі колданысы мемлекеттік мәңгілік мәртебесінің жүзеге асуы, нығаюы туралы көсемсөздік тол¬ға¬ныс¬тарын үздіксіз жариялап келе жатқаны. Үшіншісі – әдебиеттегі жо¬лын өлең жазумен бастаған оның ақын¬¬дығы сонда да сақталуы, әдебиет алыптары туралы жазған көркем кестелі тілді естелік-эсселерінің  молдығы. Төртіншісі – «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Қазақстан мұға¬лі¬мі» секілді басылымдарда және біраз жыл өзі бас редактор болған халықаралық «Қазақ Елі» газетіндегі, тәуелсіз еліміздің жаңа әдеби үдерісін бағалайтын «Сын» журналындағы журналистік қызметінің Отан тарихындағы маңыздылығы. Жи¬нақ¬тап айтқанда, біз әңгімелеп отырған қаламгер Бақыт Сарбалаұлы – қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрнекті әдебиет сыншысы, қазақ ұлттық ділін, тілін насихаттаушы, қорғаушы күрескер, қайраткер-көсемсөзші (публицист), қазақ баспасөзін дамытушы, ұйымдастырушы ретінде танымал тұлға.
Сыншы-әдебиетші Б.Сарбалаұлы өт¬кен ғасырдың 70-жылдарынан бастап осы күндерге дейін халқымен сырласып келеді. Әдебиет сыншысының сырласуы дегеніміз – көркем әдебиетіміздің же¬тіс¬тіктері мен олқылықтары туралы оқыр¬ман¬дарымен өзіндік ойларын бөлісуі. Туған әдебиетінің тағдыры толғандырған қаламгер атаулының ойлы мақалаларының бас¬пасөз беттерінде тұрақты жариялануы – оқырман үшін аса қажетті құбылыс. Бірақ әрбір қаламгердің өзіндік үніне, сөз мәнеріне, халықтың рухани сұранысына орай жазылған туындыларына әділ сарапшылық жасау оңай емес. Әдебиет сын¬шысы – халық эстетикасының қуатын танытатын әділ сарапшы. Осындай биік талаптар үдесінен көрініп, әдебиеттің ақ туын көтерген сыншыларды дүниежүзілік әдебиет тарихының көркем айшықты сәулетті, сұлу жиһаздарын жасаған сөз зергерлерінің ұстаз-кеңесшілері, адал би-ақылшылары дер едік.
Талантты сыншы Бақыт Сарбалаұлы – тағылымды, ұлағатты дәстүрі осындай өте жауапты сыншылық жолда келе жатқан қаламгер. Оның осы уақытқа дейін жарияланған «Қызыл алма» (1981), «Ақиқат алдында» (1985), «Бейімбет Майлин» (1989), «Өткірдің жүзі» (1992), «Ілияс Жансүгіров» (1992), «Жиырма бес: әдеби эссе, сын мақалалар» (2008, Т.1), «Бес мүшел: әдеби эссе, сын мақалалар» (2008, Т.2) атты кітаптары қазақ әдебиет сыны тарихының мәнді, маңызды дү¬ние¬лері қатарында оқырмандардың кө¬ңіл-дерінен берік орын тапты. Адам атты тіршілік иесі жандүниесінің сәуле¬ленуі, бүкіл іс-әрекеттерінің жүзеге асуы Жаратушы Алланың құдіретімен болатынын ұмытпау – мәңгілік құбы¬ла¬на¬мамыз. Сыншы кітаптарындағы хакім Абай дәстүріндегі қара қылды қақ жара айтылған жүрекжарды сырларға куә боласың. Кемеңгер хакім Абай – адамтану әлемінің ұлы  сыншысы.
Қазақтың ұлттық, халықтық кел¬бе¬тін, мәдени-әдеби мұраларын, қазіргі шығармашылық ортаны әңгімелегенде осы хакім Абай атамыз ұстанған халық даналығы «Тура биде туған жоқ» ба¬ғы¬тынан айнымау – асыл мақсат. Міне, сыншы Б.Сарбалаұлының аталған кітап¬тарында осы хакім Абай бағытынан айнымай, туған әдебиетіміздің көркемдік келбетін құрайтын шығармалар тура¬лы алуан пікірлерін ортаға салған. Мысалы, «Өткірдің жүзі» кітабындағы талдауларының маңыздылығы айрықша назар аудартады. Кітаптың «Асыл мен ар¬зан¬ның арасында», «Көңіл мұраты, қалам қуаты» атты екі бөліміндегі талдауларға арқау болған шығармалардың жанрлық түр ерекшеліктеріне қарай бірнеше сала¬ларға бөлуге болады. Яғни, поэзия, проза, әдеби сын атты үлкен үш саланың ауқы¬мындағы ойлардың ортақ анасы – біреу. Ол ұлт әдебиетінің әлемдік көр¬кем¬дік биіктерге жетуіне көмектесу, жы¬лата айтатын достық ниеттен туған өнер-сүйгіш шынайы көңіл лебізін білдіру. Автор жекелеген мақалаларын қазіргі қазақ поэзиясының, прозасының әдебиет сынының тұтас даму мазмұнын талдауға арнайды. Сонымен қатар, қазіргі қазақ поэ¬зиясының, көркем прозасының әдебиет сынының көрнекті тұлғаларының шығармашылық портреттерін де жеке-жеке  мақалаларымен бедерлеген.
Осы кітаптағы «Жақсы деген немене, жаман деген немене?», «Тас бұлақтың суындай» атты мақалалардың қазақ поэ¬зия¬сындағы бүгінгі шығармашылық хал-ахуалдың тақырыптық, көркемдік ты-нысын айқындауға құрылғанын аң¬ғарамыз. Бірінші мақалада аға буын мен кейінгі толқын өкілдерінің әртүрлі жинақтардағы жекелеген өлеңдерінің өте нашар екендігін мәтіндік мысалдар келтіре отырып талдайды. Сыншы осын¬дай талдауларында аға буынның жасына, сақалына қарамайды. Кейінгі тол-қынның «сиынғанынан сүйенері мықты» ызғарынан ықпайды. Бәрінің де өлеңдерінің көркемдік деңгейлері туралы шынайы бағасын береді. Дәлелді талдауларының түйіні боларлық әділдік самалы ескен қорытындылары ұлттық әдебиетіміздің тағдырына жаны ашитын зерделі оқырмандардың көкіректеріне, жан дүниесіне парасат шуағының жылуын  жеткізеріне күмән жоқ.
Сыншы қазіргі қазақ поэзиясында тұрақты қалыптасып үлгерген «құла тасқын: өрнексіз өлеңдер,  дәмсіз дас¬тан¬дар – «ескі» кітаптар қомақты «басты арна екендігіне» аға буын мен орта, кейінгі буын ақындар ортасынан нақты мысалдар мен дәлелдер келтіріп, талдап көрсетеді. Әрине, жүргізген ғасырлар белестерінен өткен ұлттық поэзиямыздың қазіргі за¬манғы уақыт керуеніндегі ажарлы, ай¬шықты бояу¬ла-рының көзтартарлық үгілері бар екендігіне де оқырмандар назарын ау¬дартады.
Сыншы поэзиялық, прозалық шы¬ғар¬маларды талдау барысында қазіргі оқырмандық ойлау деңгейіне сәйкес ше¬шім¬дерін, түйіндерін ұсынады. Әдебиет сыншысы – көркем әдебиет дамуы үдерісіндегі дәстүр мен көркемдік жа묬ғас¬тығын жүйелеп жазатын қайраткер, ғалым-қаламгер. Бақыт Сар¬бала¬ұлы¬ның көптеген мақалалары қазіргі әдеби үде¬ріс¬тегі көрнекті ақын-жазу¬шы¬ла¬ры көркем туындыларының эсте¬т謬калық таби-ға¬тын нақты мәтіндік са¬раשּׁтаулармен ерек¬шеленеді. Н.Ғаб¬ду묬линнің «Жігер», М.Әбдіха¬лықовтың «Сүйірқара», С.Досановтың «Өткен күде белгі бар», Қ.Исабаевтың «Өрде» романдарына арналған сыншыл пікірлері шы¬¬найылығымен баурайды. «Өлең өресі¬ неге өспейді?» мақаласында бір¬қатар ақындардың (Тоқаш Бердияров, Өте¬жан Нұрғалиев, Тұрсынзада Есім¬жа¬нов) поэзиясындағы көркемдік-эс¬те¬тикалық талапқа сай ерекшеліктерін бағалай келе, өрескел кемшіліктерді (реବлистік сипаттың әлсіздігі, таптаурын тақырыпты шабытсыз баяндау, түсініксіз баламаларды, сөз тіркестерін қолдану, бұрынғы айтқандарды қайталау, т.б.) мә¬тін¬дік талдаулармен атап көрсеткен. 
Қазіргі қазақ прозасындағы көрнекті қаламгердің туындыларына да жіті сарап¬таулар жасаған. «Шындық. Шешім. Ше¬берлік» мақаласында Қ.Найманбаевтың «Бастау» повесінің, М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» әңгімесінің, «Тазының өлімі» повесінің, О.Бөкеевтің «Қам¬шыгер», «Бура», «Ұйқым келмейді», «Сарыарқаның жаңбыры», «Терісаққан» әңгімелерінің, «Үркер» повесінің роман¬тикалық-психологиялық сарынды поэ¬тикалық мағыналы көркемдік сипатын дәл танып бағалаған. Т.Нұрмағамбетовтың «Қауын иісі» жинағындағы «Құдаша», «Перзент», «Әже», «Мазасыз түн», «Менің інілерім» әңгімелеріндегі ауыл тұрмысын әлеуметтік-психологиялық су¬реттеу тұрғысындағы поэтикалық ерек¬шеліктерге баға берген. 
Сыншының қазақ поэзиясына арнал¬ған «Жыр. Жауапкершілік жұмыс» ма¬қа¬ласында көрнекті ақындарымыздың (Ж.Нәжімеденовтің «Дастарқан», «Қара кісі», «Домбыра», «Үлкен кісі», т.б. баллада, толғаулары, А.Бақтыгерееваның «Қуанышым, іңкәрім», Ө.Нұрғалиевтің «Кемпірқосақ», М.Құрманалин, Ж.Нұр¬ханов жинақтары) көркемдік жетіс¬тіктері мен кемшіліктері әділ талданып көрсетілген. Ал «Бес соқпақ…» мақа¬ла¬сында автор жастар мен балаларға арналған үздік шығармалардың рес¬публи¬калық жабық конкурсында бәйге алған М.Қабанбаевтың «Пысық бол¬дым, мінеки», Н.Дәутаевтің «Тас¬қара», Ж.Дәуренбековтің «Күн ұясы» повестерінің тақырыптық-идеялық маз¬мұнын, сюжеттік тартыс, көзқарастар қай¬шы¬лықтарының өрлеуін, тілдік-стильдік мәселелерді нақты түрде қарастырады. Авторлардың бастауыш сыныптар жа¬сын¬дағы жеткіншектерге арнап жазған көркем  шығармаларының адамгершілік тәрбиесін берудегі қуатты ықпалы бар екендігін аңғарамыз. Сыншы аталған қаламгерлердің шығармаларындағы жет-кіншектердің жас ерекшеліктеріне сәйкес жазылған сәтті, тартымды сипаттарын білікті бағалайды.
Сыншы қаламгер Б.Сарбалаұлы шығармаларының бір арнасы – қазіргі қазақ сөз өнеріндегі көркем әдебиет сынының даму мәселелеріне арналған мақалалары. Оның «Өткірдің жүзі» атты кітабындағы «Сын бар да, сынсымақ бар…», «Бетбұрыс қашан болады?», «Жиырма бес» кітабындағы «Сын туралы сөз», «Ақиқаттың алдында», «Сындария сырқырайды», «Ғашық сыншының ғанибет сырлары», «Бес мүшел» кітабындағы «Сұлу сын салтанаты», «Кенен қаламгер, кемел қайраткер», «Сөз патшалығының сардары», «Сын шын болсын, шын сын болсын» атты көлемді мақалалары – қазақтың көркем әдебиет сынының теориялық қисынды, бағалау пайымдау пікірлерінің дәлелді жақтарынан өскендігінің көрінісі. Сыншы біліктілігінің, шығармашылық мәдениет ұстанымының үлгілі көрсеткіші – алдында өткен ұстаз-аға буынның сөз арқауына қатысты уәжді пікірлеріне сүйену. 
Сыншының әдеби даму орайында қаламгерлер жазған сын мақалалар, кітаптар туралы пікір айтуы – дәстүрлі жағдай. Дегенмен, нағыз сыншы өзі ортасында жүрген шығармашылық тұлғалардың тыныс-тіршілігін, даму ерекшелігін жіті қадағалаған ойларын ортаға салды. Нақтылап айтқанда, Бақыт өзімен замандас Т.Шапаевтың, Ж.Ер¬мановтың, Т.Жұртбаевтың Т.Бейіс¬құ¬ловтың, С.Әшімбаевтың, Ғ.Есімовтің, Ш.Елеу¬кеновтің, Б.Дәрімбетовтің, Қ. Е𬬬¬¬¬гө¬бектің және т.б. қаламгерлердің әдеби-сын  мақалалардың теориялық және практикалық тұрғыдағы жақсы жақ¬тары мен шикіліктерін тап басып көрсеткен. Оқырмандарды сүйсінтетін шындық – Бақыт Cарбалаұлының өзі¬мен замандас, әріптес сыншылдардың ең-бектеріне пікір айту барысында өзіне де тән кемшіліктерді мойындайтыны, олардың қандай кемшіліктер екенін де атап көрсететіні. Туған әдебиетімізге қосылып жатқан көркем шығармалардың, әдеби сұхбаттардың, мақалалардың, рецензиялардың оңды жақтарын, басты кемшіліктерін өткір сынайды. Бұл  –  ұлттық мәдениеттің өркениеттік деңгейде дамуын бойлаған өрелі ойлаудың көрсеткіші. Қаламгердің поэзия, проза, әдеби сын салаларында  өнімді еңбек еткен жеке тұлғалардың шығармашылық келбеттері (портреттері) түрінде жа¬зыл¬ған мақалалары да мол. Әдеби про¬цесс – жекелеген ірі шығармашылық тұл-ғалардың  еңбектерінен түзілетін сөз өне¬рінің әлемі. Қазақ сөз өнерінің қазіргі за¬манғы дүниежүзілік, халықаралық дә¬режеде кеңінен танылуына жол ашылып жатқанда жанымызда жүрген асылдарымызды бағалауды, ұрпақтарға жан-жақты танытуды ұмытпауымыз керек.      
Сондықтан, сыншының шы¬ғармашылық келбеттері арнайы жазған қа¬лам¬герлердің ұлттық мәдениетіміздің абыройы екендігін танытуды мұрат тұтқанын айқын аңғарамыз. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары Ыбырай Алтынсарин («Армысың, Алтынсарин!»), Ілияс Жансүгіров («Ілияс Жансүгірұлы»), Бейімбет Майлин («Бейімбеттің белгісі»), Мұхтар Әуезов («Ұстаз туралы сөз»), Нартай Бекежанов («Нар ақын, бұлбұл ақын») Сафуан Шаймерденов («Жүрек соғып тұрғанда»), Мұзафар Әлімбаев («Бүлдіршін күнмен бір күлесің?»), Оспанхан Әубәкіров («Неменеге жетісіп күлесің»), Зейнолла Серікқалиев («Сыншы Серікқалиев»), Рымғали Нұрғалиев («Рымғали Нұрғалиев»), Тынымбай Нұрмағамбетов («Бүгінгі күннің Бейімбеті») туралы жазылған мақалалар   –   әдебиеттанытқыш ғы¬лым¬ның теориясы, тарихи сыны салаларының сипаттарын тұтастыра жазылған ең¬бек¬тер. Автор аталған қаламгерлердің шығармашылық табиғатындағы негізгі поэтикалық ерекшеліктерді анықтап, олардың суреткерлік шеберлік сырларын жіті тануымызға жетелейді. 
Сыншы қаламгер қазақ әдебиетінің классикалық мұралары мен қазіргі әдеби үдерісті сабақтастыра талдауды берік ұстанып келеді. Оның қазіргі қазақ әдебиеті сынының, өнер кеңістігіндегі әріп¬тестерінің біразына өзіндік баға¬лау¬ларын жасай отырып, көрнекті қаламгерлердің жақсылығына сүйіне, олқы-лықтарына күйіне білетіндігін көр¬сетуге күш салғандығын аңғарамыз.
Бақыт Сарбалаұлы – әдебиетші-сыншы қаламгер тұрғысындағы шы¬ғар¬машылық қайратымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебедегі қол¬да¬нысының толық жүзеге асуы, мәң¬гілікке мойындаулы жолында күресіп жүрген қайраткеріміздің бірі. Әуелде республикалық, қазіргі уақытта халық¬ара¬лық «Қазақ тілі» қоғамының қалып¬тасуы, нығаюы үшін Бақыттың бел шеше жұмыс істегені жұртшылыққа мәлім. Ал, көп жылдардан бері қалам қуа¬тымен дүниежүзі қазақтарының тағдырына араласып, олардың Атажұрт – Қазақстанмен біртұтастығын қам¬тамасыз етуге арналған «Қазақ Елі» газетінің бас редакторы қызметі арқылы да тәуелсіз Отан тарихының көрнекті қайраткері екендігін айта аламыз. Бақыт Сарбалаұлы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары сынды қоғамдық қызметі аясында да туған әдебиетіміздің көркемдік деңгейі биік болуына да атсалысып, тура билік сыншылық жолынан айнымай келеді. Ол 2005 жылы 26 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде өткен «Қазіргі кезең әдебиеті көркем тіл мәселесі» деген тақырыптағы конференцияда баяндама жасап, қазақ поэзиясының қазіргі сипатына баға берді. Қазақ поэзиясының көрнекті тұлғалары Қадыр Мырза-Әлінің, Тұманбай Молда¬ға¬лиевтің, Нұрлан Оразалиннің, Иранбек Оразбаевтың, Темірхан Медетбековтің, Серік Қапшықпайдың, Есенбай Дүй¬сен¬баевтың, Есенғали Рушановтың, Жәркен Бөдештің, Қасымхан Бегмановтың, Марал¬тай Райымбекұлының, Гүлнәр Шәм¬шиеваның, Төлеген Қажыбаевтың қазіргі әдебиетіміз дамуындағы үлестері мен үрдістеріне нақты тоқталып, ақиқатты айтты. 
Сыншы «кейінгі 10-15 жылда әдебиет әлемімізге басынып кірген, табалдырығын теуіп, есігін қатты ашып, қаптай кірген құла тасқын» қазақ жырының денсаулығын бұзып қана қоймай, жалпы қазақ тілінің өміріне қатер төңірегінде екенін атап көрсетіп, ақша үстемдік еткен қазіргі заманның киелі өнерге, ана тілімізге әкелген зардаптарын ашына толғады. Сыншының ұлт мәдениетінің шынайы жоқшысы, күрескер қайраткері тұрғысында толғаған осы шыншыл баян¬дамасындағы сыншыл пікірлердің кейбіреуін қайталап оқып, жұртшылық назарына үнемі ұсына бергің келеді:
1. «Әңгіме – әдебиетте шағын болса да қайталанбас өз орның, өз әлемің болуында. Өнерге Қаратау, Ұлытаулар да керек. Тіпті әдебиетте шын төбе бола білсең, ол да ғанибет».
2. «Мен өз басым батыстың әдейі өрелі өлшем, қастерлі өнеге қалдырмайтын кейде басты-аяқ, аяқты бас деп қабылдауға қақпайлайтын былшылбайларын өнер деп те, өмір деп те білген емеспін… Басқа салаларды қайдам, сөз өнеріне келгенде, әлемге бір үлгі – қазақ жыры».
3. «Өлең деген әуелі көркем тіл. Ал көркемдік қашанда келісім, сұлулық».
4. «Үкіметтің елді бұрынғыша бас¬қа¬рам деуі, қайраткерді емес, қалталыны алға қоюы, мәдениетті – бірінші, экономиканы – екінші орынға қоймауы қателік!».
5. «Ал, сөзі теңелмеген елдің өзі еш¬қашан теңелмейді. Абайды аңғар¬майтын адамның, мемлекеттік тілді білмейтін адамның – қазақ елінде мем¬ле¬кеттік қызмет атқаруы, ел басқаруы – енді масқара! Біз енді мұны түзеуді Президенттен де, Үкіметтен де, Пар¬ламенттен де тілеп, сұрауымыз керек. 14 жыл өтіндік, тіледік, жетер! Талап етуіміз керек!».
6. «… Үлкен мемлекетке үлкен әде¬биет¬ қажет, ұлық ұлтқа Ұлы сөз қажет. Олай болса, біз жоғарыдағылардың Абай ал¬дында, Ана тіл алдында бас июіне қол жеткізуіміз қажет. Бұл – бір. Екіншіден, әдебиетті түзетуге, тазартуға кірісуіміз керек». («Әдебиет айдыны», №46 (46), 29.12.2005 ж). 
Туған әдебиетіміздің, ана тіліміздің, жалпы қазақ ұлтының әлемдегі ең озық өркениеттік дамудың үздік үлгілерімен иықтаса тұруы үшін тер төгіп жүрген көрнекті әдебиет сыншысының, қазақ тілі байлығын сақтау, мемлекеттік қол¬даныс деңгейінде дамыту жолындағы күрес¬кердің азаматтық тұлғасын, әрине,¬ халқы әділ бағалайды. Оның көр¬некті еңбектерінің бірі «Өткірдің жүзі» кітабындағы Бәкеңнің мына бір пікірін сыншы-қайраткердің өзінің және осы саладағы әріптестерінің әрқашан әлеуметтік-эстетикалық ұстанымы ре¬тін¬де қабылдаса артық емес:
«Сын деген – әдебиеттің шекарасы. Сырттан атылған оқ та, іштен атылған оқ та алдымен соған тиеді. Ал, сыншы дегеніміз – сол әдебиет шекарасының сақшысы. Демек, оған қалғуға болмайды. Бір ғажабы, оған постыдан кетуге де болмайды. Себебі, оны ешкім алмастыра алмайды. Демек, сыншы дегеніміз – сирек талант болумен қатар қоғамдық күрескер. Әдебиеттегі бірінші күрескер». Ал, «Бес мүшел» кітабындағы «Сын деген сүйіспеншілік…» мақаласындағы (316-б.) тұжырымдары да шынайы айтылған: «Сыншы таланты – сирек талант. …Жақсылыққа жазушының өзіндей қуана білу, жаманшылыққа жазушының өзіндей ренжи білу шарт. …Солақай, сауатсыз, сыңаржақ сыншы – әдебиеттің соры да, әділ, адал, жанашыр, білікті сыншы – әдебиеттің бағы». Шынында да, қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің күрескері, бағы болудан артық абырой бар ма?!
Халықаралық Алаш әдеби сый¬лы¬ғының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хат¬шысы, көрнекті әдебиет сыншысы Бақыт Сар-балаұлының қоғамдық-әлеуметтік және шығармашылық қызметінен ұлты¬мыздың мәңгі өсіп-өркендеуі жолына өмірлерін арнаған Алаш қайраткерлері жолының жалғасын көреміз. 
Лайым, осы жалғастық үзілмегей!
 
Темірхан ТЕБЕГЕНОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз