ҚАЗАҚСТАН ТӨЛ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢНЕН ҚАРАЙДЫ

78

0

 ҚАЗАҚСТАН ТӨЛ ТАРИХЫНА  ТЕРЕҢНЕН ҚАРАЙДЫТарих – өткеннің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Тарихи естелік қоғамды алға жетелейтін бірден-бір құрал деп есептеймін. Сондықтан, біз өткенімізге бей-жай қарай алмаймыз. Бүгінгі басқосудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қарап отырып, қазақ халқының да өз тарихына салғырт қарамайтынына көз жеткізуге болады. Маңызды жиында мәртебелі меймандар мен тәжірибелі ғалымдар өткен тарихқа терең бойлап, қазақ жұртының ертеден қайсар ел болғанын, бабалар мұратына бүгінгі ұрпақтың қол жеткізгенін ашық айтты. Өткенін ұлықтап, ерлікке тағзым ететін қазақтай бауырлас елдің барына біз де ¬разымыз. 
ҚР Президентінің «Өткендердің қадірін білу, олардың арман-мүдделерін жалғас¬тыру – адамгершілік парыз ғана емес, қоғамдық дамудың, ілгері басудың негізгі алғышарттарының бірі» деген қанатты сөзіне бүгінгі басқосуда толық көз жеткізгендей болдым. Конференцияда «Тарихи естелік және қоғамдық сананы жаңғырту: Қазіргі қазақстандық қоғамды дамытудың маңыз¬ды факторы» тақырыбында баяндама жасадым. Бұл тұрғыда мен өз еңбегімде қазақстандық қоғамды дамытудың негізгі себептеріне кеңінен тоқталдым. Біздің түрік қандастарымыз сіздердің елдеріңізде тату-тәтті еңбек етуде. Қазақ бауырларымыз да біздің елде әр салада абыройлы қызмет атқаруда. Бұл – бауырлас елдер тарихының ұқсас әрі туыстас мемлекеттер екенінің айқын дәлелі. Екі жақты салыстыра қарасам, Қазақстанда ертеректе жер аударылған ұлттар тарихы жайында мәліметтер көптеп кездеседі. Ал бізде бұл тұрғыда бірқатар қиыншылықтар туындайды. Бұл да болса қазақ тарихшыларының қажырлы еңбегі деп білемін. 
Жалпы, Қазақстан ¬Республикасы Прези¬денті¬нің осыған дейін басылым бетте¬рін¬де жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқыған едім. ¬Саяси құжатта Н.Назарбаев қазақ елінің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айтқан еді. Тіпті мемлекет үшін маңызы зор құжатты бірқатар саясаткерлер бағдарламалық мақалаға балап жатты. Бұл саяси құжаттың бағасына сай берілген мәртебе деп ойлаймын.
Тогрул ИСМАИЛ,
Түрік технология және бизнес университетінің профессоры.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз