Қазақстан – қуатты ел

120

0

Қазақстан – қуатты елТөрткүл дүние дидарындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыстық «Сыр бойы» газетінің арнаулы тілшісі Дәуіржан Елубаев Үндістан мемлекеттік «Дини ньюс» арнасының тележурналисі  Арун Ананд Шарманың ой-пікірімен бөлісті.
– Қазақстан өзінің бүгінгі әлеуетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі арқылы таныстырып берді. Мен дамудың даңғыл жолына түскен Азиядағы азулы ел екеніне көзім жетті. Көрменің тақырыбы да өте өзекті. «Болашақтың энергиясы» – экологиялық таза өнім, жасыл экономиканың негізгі көзі. Бұған тек дамыған мемлекеттер ғана емес, дамушы елдер де қызыға қарайды, осындай жетістікті көздейді.
Көрменің ашылу салтанатын Үндістан елі де  көгілдір экран арқылы тамашалады. Мұнда хабар таратуға мол мүмкіндік бар. Меніңше, қызықтың бәрі алда. Ертең «ЭКСПО» аумағындағы барлық павильонды аралап, ондағы ғаламдық өркениеттің тың жаңалықтарына қаныға түсеміз. Қазақстанның жаңа Астанасы, оның жарқын бейнесі, сәулеттік ерекшелігі бірнеше телехабарға айналатыны сөзсіз. Осындай аспанмен таласқан биік үйлерде тұратын тұрғындар да бақытты ғой. Сырт адамды бірден баурап алатын әсемдік әсері, елдің ықыласы мені таңдандырды. Жалпы, мұндай халықаралық көрме өткізу мүмкіндігі екінің біріне бұйырмайтын бақ. Бұл жөнінен Қазақстан қуатты ел екенін көрсетті, – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз