Қазақстанда тұрғын үй салудың саны артты

90

0

2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 трлн теңге болды. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 1,9% көп, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстарының көп бөлігін жекеменшік құрылыс компаниялары – 81,8%, шетелдік ұйымдар – 17,8%, мемлекеттік компаниялар 0,4%-ын салды.

Пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы аумағы 15,7 млн ш.м. болды.

Бұдан басқа, 2017 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 11,6% артып, 979,8 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде 11,1 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 6,2% артық.

Тұрғын үйдің көп бөлігін (9367,7 мың ш. м. немесе 83,9%) жекеменшік құрылыс компаниялары пайдалануға берді.

Аталған құрылыс саласының артқаны еліміздің 15 өңірінде байқалды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында (1,4 есе), Ақтөбе мен Павлодарда (1,3 есе), Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарында 1,2 есе жоғарылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз