ҚАЗТЕЛЕРАДИО САНДЫҚ ТЕЛЕДИДАР ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

52

0

«Қазтелерадио» АҚ Қызылорда қаласы мен қалаға жақын елді-мекен тұрғындарына қолжетімді сандық эфирлі теледидарды іске қосты.
Осылайша,  250 мыңнан астам халқы бар облыс орталығында сандық сапамен абоненттік төлемі жоқ отандық телеарналарды тамашалауға мүмкіндік жасалды.
«Қазтелерадио» ұсынып отырған сандық арнаны теледидарыңызға арнайы қабылдағыш орнату арқылы көруге болады. Күнделікті қолданып жүрген телеарнаңызды енді спутниктік антеннаға ауыстырудың қажеті жоқ, сандық қабылдағышты (приставка) бар-жоғы 12 мың теңгеге сатып алып, кез келген жерде теледидарыңызға орната беруіңізге болады.
Қазір тұрғындар 11 арнаның орнына 24 арнаны көре алады, болашақта арна санын көбейту жоспарлануда. 2015-2016 жылдары аймақтың басқа да ауылдары сандық хабар таратуға қосылмақ.
Баламалы хабар тарату желісі сандық хабар тарату желісімен бірге 2015-2016 жылдарға дейін жалғасады.
Осылайша, ұлттық жерсеріктік және сандық эфирлі хабар тарату желісі республика халқына отандық арналарды тегін көруге мүмкіндік береді.
«Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қабылданған хабар таратудың сандық жүйесі ішкі және шекара маңындағы аумақтарды, болашақта ел-жұртының 95 пайызын қамтып, қолжетімді болады деп жоспарлануда. Осы арқылы ауыл және қала тұрғындарының ақпараттық теңсіздігін жою мәселесі шешіледі.
Өткен жылғы маусым айында индустриалдық форум аясында сандық эфирлік теледидарға көшу бағдарламасының бірінші кезеңі іске қосылып, ол Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен және оларға жақын орналасқан елді мекендерді қамтығандығын еске саламыз. Соның арқасында республиканың 370 елді мекенінде тұратын 3,5 млн. қазақстандық сандық эфирлік телеарнаға қол жеткізді.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз