«ҚАЗТЕСТ» СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАБЫСТАДЫ

34

0

«Қазтест» жүйесі бойынша ұйымдастырылған тестілеуде оң нәтиже көрсеткен 91 адамға кеше облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев сертификат табыстады.

Жыл ішінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 156 мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан өтіп, сертификаттық тестілеуге қатысты. Оң нәтиже көрсеткендердің 68-і – мемлекеттік қызметші болса, 23-і – денсаулық сақтау және білім саласының қызметкері. А.Қайруллаев бұл сынақ кәсіби білім-біліктілікті арттыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ықпал ететінін жеткізді.

Басқарма тарапынан «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Биыл тамыздан бастап аудандарда, Қызылорда қаласында және облыстық басқармалар арасында екі күндік семинар-тренингтер өтті. Оған 675 қызметші қатысты.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз