БҰҰ Бас хатшысы: Арал апаты – адамзаттың жауапсыздығының дәлелі

67

0

БҰҰ Бас хатшысы: Арал апаты - адамзаттың жауапсыздығының дәлеліСенбі күні Өзбекстанға келген БҰҰ бас хатшысы  Антониу Гутерриш Арал апатын «барлығымызға берілген ескерту» деп атап, Жерді адамзаттың бүлдіргенінің дәлелі екендігін айтты, деп хабарлайды gazeta.uz.
«Арал теңізінің жойылуы климаттың өзгеруінен емес, адамдардың су ресурстарын дұрыс пайдаланбауынан болды», – деді көлемі бойынша бір кездері төртінші орында болған жабық теңіздің үстінен тікұшақпен ұшып өткен БҰҰ басшысы.
Антонину Гутерриш қазір «кемелер зиратына» айналған бұрынғы порттар қаласы Мойнақта болды.
«Арал қасіреті – біздің заманымыздағы ірі экологиялық апат болуы мүмкін», деді БҰҰ басшысы. Климат бойынша Париж келісімін орындаудағы әлемдік қоғамдастықты жүзеге асыру және осыған ұқсас апаттардың қайталанбасы үшін бұл бәрімізге сабақ болуы керек.
Өзбекстанға сапарында Антониу Гутерриш Самарқанда Президент Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді.
Еске сала кетсек, ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының нәтижесінде Қазақстандағы Солтүстік Арал теңізінің суы толып келеді.  Теңізінде Көкарал су тоспасы, Айтек су құрылысы кешені және Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды. Сөйтіп теңіздегі балық қоры молайып, аз жыл ішінде теңіз Арал қаласына 17 шақырымға дейін жақындады. Бұған қоса, Сырдария өзенінен теңізге құйылатын су көлемі көбейіп, өңірдегі көптеген биологиялық түрлер қалпына келе бастады.
Ал, соңғы 3 жылда балық аулау көлемі 1,16 мың тоннаға немесе 15 процентке өсті.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз