БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

50

0

БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫҰлттық валютамыз – теңгеніңбағамын еркін айналымға жібергендіктен Елбасы Үкімет пен барлық
деңгейдегі әкімдерге бағалардың негізсіз өсуіне, алыпсатарлыққа жол бермеу
туралы тапсырма берді. Соған сәйкес, Қызылорда облысында дағдарысқа қарсы аймақтық штаб құрылып,
жұмысын бастады.

Кезекті
штаб отырысынан кейін штаб төрағасының орынбасары Серік Қожаниязов бұқаралық ақпа­рат
құрал­да­рына сұхбат берді. Ол нарық­­тағы үлкен сауда орталықтары және базарлар
басшыларымен кездесу өткізгенін жеткізді. С.Қожаниязов жал­пы жағдай тұрақты, тамақ
өнімдері бойын­ша ешқандай баға көтеру орын алып жатқан жоқ екенін атап өтті. Өзіміз­де өндірілмейтін қант, асқатық майы, қарақұмық,
тауық еті секілді өнім­дер бағасы да әзірге бір деңгейде тұр. Ал «Sulpak» сауда
орнында кейбір тұр­мыстық техникалардың бағасы өсірілген. Алайда, онымен көрші тұрған
«Техно­дом» сауда орнында бұл тауарлар ба­ғасы бұрынғы деңгейде қала берді. Осы­дан
кейін «Sulpak» бағаны қайта төмендетуге мәжбүр болғанын жеткізді. Доллар алғашқы
күні 255-ке дейін өссе, қазір 252-253 теңге деңгейінде. Ресей рублі де 4 теңгеден
3,9 теңгеге төмендеген.

Елбасы тапсырмасына
сәйкес күн­делікті екі мәрте рейд жасалып, мониторинг жүргізілуде. Оның мәліметтері
Президент аппаратына жіберіліп тұр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Тұрақтылық қорында 2 мың тоннадан астам ұн бар,
нанның бағасын көтеруге негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы саласындағы бол­жам да жақсы.
Қазақстан, оның ішін­де Қызылорда облысы да әртүрлі қиыншылықтардан өткен, жинақтаған
тәжірибеміз де жеткілікті. Халықтың жағдайы қиындаса, кәсіпкерлердің жағдайы да
қиындайды. Оны олар жақсы түсінеді, сондықтан атқарушы органдар, бизнес өкілдері
бар, бірлесіп, қиындықтан шығамыз деген сенімдеміз деді Серік Салаутұлы сөзінің
соңында.

Мұнан кейін
«Аль-Асад» сауда ор­ны­ның бас есепшісі Ләззат Алматова өздерінде бағалардың өзгермегені
туралы айтып берді.

«Қаржы компания»
ЖШС директоры Дамир Камешов «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты
тұрақтылық қорында 60 тоннадан астам сәбіз, макарон, қант, май секілді 9 тағам түрлері
бар екенін жеткізді. Қоймадаға тауарлар үнемі толықтырылып тұрады.

«Технодом»
сауда орталығында баға тұрақты қалпында, тіпті сауда жа­сау­шыларға сыйлық берілуде»,
деді өз кезегінде сауда орталығының бас­қарушысы Мадияр Тоқмағамбетов. «Маматова»
наубайханасынан күнделікті 4-5 мың бөлке нан шығарылады. Әлеуметтік ұн жеткізіліп
тұр, сондықтан баға өзгерісі туралы әңгіме де қозғалмайды,- деді кәсіпкер Пернеш Маматова.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз