Басқармада – жаңа басшы

63

0

 

Облыс әкімінің өкімімен Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мұрат Нәлхожаұлы 1966 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғарғы ұлттық мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік қызмет менеджері» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастаған. Қызмет жолында қаржы және мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар жауапты басшылық қызметтер атқарған. «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры, облыстық қаржы басқармасының бастығы, Қызылорда қаласы  Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі болған.
2015 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз