Бастаған болашаққа ізгі қадам

99

0

Тоқырап тосқауылдар кемді-күнгі,

Барыс ел болашақққа бел буынды.

Тәуелсіз ел болғалы, тәңір қолдап

Төрткүл әлем таныды теңдігімді!

Елбасының ерекше бастамасы,

Жайнаған болашақтың жас қаласы.

Есілдің жағасынан бой көтерген

Елордасы, елімнің Астанасы!

Шайқалмай шат елімнің шаңырағы,

Қалықтап көкте еркін әнұраны.

Бақытты ел, байтақ ел – келешектің

Көш басынан әрдайым табылады!

Бастаған болашаққа ізгі қадам,

Қуаттап қолдағандай бізді ғалам.

Сан алуан тарихтың тоғысында

Серттігі қазағымның мызғымаған!

Ғазиза ӘБІЛДА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз