БАСТЫСЫ – АДАМ АМАН

52

0

БАСТЫСЫ – АДАМ АМАНЖексенбіде «Bek Air» әуе компаниясының
Қызылордадан ұшып шыққан ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды. Ұшақ бортында
121 адам болған, олардың 116-сы жолаушы, бесеуі экипаж мүшелері. Зардап
шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов
«Шасси толықтай ашылмай қалды. Ұшақты шассисіз қондыру жөнінде шешім
қабылданды. Ұшақтың артқы шассиі ортаға қойылып, қонды. Әуежай бұл кезде қону
алаңын көбікпен жапты. Ұшақ 30 метрдей жерге өтіп барып тоқтады. Ұшақтың
командирі Виктор Родин – жарады, барлығын дұрыс істеді», – деді. Айта кетейік,
апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты.

Ұшақ командирі «Бұл менің өмірімде бірінші рет болды,
қайталанғанын қаламаймын. Бұл сирек кездесетін құбылыс. Менің жолым болды. Мен
училищені аяқтағаннан бері авиациядамын. Ал осы әуе компаниясында жұмыс істеп
жатқаныма екінші жыл», – деді. Ол 1981 жылы авиация училищесін аяқтапты.

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы «Bek Air» ұшағының
Астана әуежайына апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеуді бастады. Ал ҚР
ИДМ-нің азаматтық авиация комитеті «Фоккер-100» әуе кемелерін техникалық актсыз
пайдалануға тыйым салды. Азаматтық авиация комитеті аталған типті әуе
ұшақтарының қауіпсіздігіне қатысты профилактикалық шараларды қолға алды.

М.МЕРЕЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз