БАСЫМ БАҒЫТТАҒЫ ЖОБАЛАР экономиканы әртараптандыруға жол ашады

262

0

БАСЫМ БАҒЫТТАҒЫ ЖОБАЛАР экономиканы әртараптандыруға жол ашадыОблыс әкімінің биылғы жылға арналған іс-қимыл жос­парында өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған басымды жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде облыста тау-кен металлургиялық өндірістерді құруға басымдық беріліп отыр.
 
Облыс әкімінің өткен жылғы іс-қимыл жоспарына сәйкес аймақ
экономикасы дамуының басты бағыты өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру мақсатында
бірқатар маңызды жобалар іске асты. Соның бірі «Шиелі тас Оңтүстік” ЖШС әк шығару
зауыты іске қосылды. Бұл жобаның құны 777 млн. теңге. Жылына 60 мың тонна әк шығарады.
Өндіріс орнында 75 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы жобаға байланысты 2013 жылы
«Бизнестің жол картасы-2020”
бағдарламасы аясында сыртқы инженерлік инфрақұрылым – электр желісін жеткізуге
49,4 млн. теңге қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді.
Сонымен қатар былтыр жалпы салынған инвестиция көлемі
2,1 млрд. теңгені құраған «Аралтұз” акционерлік қоғамының ас және техникалық
тұз өндірісін жаңғырту” жобасы мен құны 500 млн. теңгенің «Хуа Ю интернационал
в Кызылорде” серіктестігінің «Химиялық 
реагенттер өндірісі көлемін ұлғайту” жобасы да іске асырылды.
Биылғы жылы да облыс басшысының бастамасымен бірқатар
жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі «Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры”
акционерлік қоғамымен бірлесіп «Шалқия» кенішінде тау-кен байыту комбинатының
құрылысын салудың жобаалды құжаттарын әзірлеу жоспарланып отыр. Жалпы бұл жоба
бойынша кен өндірудің көлемін жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Сонымен
қатар жаңа металлургиялық кешен мен қойма құрылысын салу да ескерілген.
Негізі «Самұрық-Қазына” ҰӘҚ АҚ өткен жылғы маусым
айында «Шалқия Цинк ЛТД” АҚ-ның жүз пайыз акциялар пакетін «Тау-кен-Самұрық” АҚ
жарғылық капиталына беру бойынша келісімді іске асырды. Міне осыдан кейін
Шалқия жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік-тұрмыстық кешенге және жер
бетіне орналасқан ғимараттарға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ,
кеніштің жерасты бөлігіндегі кен қазбаларын қауіпсіз жағдайға келтіру мен жөндеу
жұмыстарын жүргізуге инженер-техникалық қызметкерлерін және тау-кен жұмысшылары
мен монтаждаушылардан тұратын учаскелерді құру ісі де қарастырылуда. Осы
мақсатта қазір бұрын жерасты жұмыстарында тәжірибесі бар мамандарды жинақтау
жүргізілуде. Әрі жергілікті жердегі оқу орындарында мамандарды дайындау ісі де
қолға алынды.
Жалпы бүгінде кеніш басында жұмысшыларды 300 орындық
жатақханамен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың
техникалық және пайдалану алдындағы жағдайына талдау жүргізілуде. Сондай-ақ,
қазір онда тау-кен шахталық жабдықтары да тексеруден өткізілді. Мұнан
бөлек  кен орнының жаңа және жатып қалған
кендерінен ұжымдық концентраттар алу мүмкіндігін бағалау бойынша технологиялық
зерттеулер де жүргізілді. Бір айта кетерлік жайт, ол кеніште Финляндияның
«Оутотек” компаниясымен әзірленген базалық жобаны түзету жұмыстары да қолға
алынды. Сайып келгенде, кеніштегі жұмыстардың кешенді түрде жүргізілуі облыс
экономикасын көтеруге бағытталып отырғандығын көрсетеді. Ал, кеніш толық қуатында
жұмыс істегенде онда жүздеген адам жұмыспен қамтылып, олардың
әлеуметтік-тұрмыстық ахуалының жақсаруына да жол ашылады.
Екінші басты бір мәселе, ол облыс экономикасын
дамытуға ерекше үлес қосатын металлургиялық кластер аясында «Баласауысқандық»
кен орнында ванадий құрамын қайта өңдеуде пайда болатын негізгі шикізат өнімі
флюстен ферроқорытпа зауытының құрылысын салу да жоспарланып отыр. Қазіргі күні
ферроқорытпа зауытының құрылысын салу жобасын жүзеге асыру мақсатында Қытай
компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Соған сәйкес
облыс бюджетінен «Қызылорда қаласында арнайы жә­не кешенді қорытпа шыға­ра­тын
ферроқорытпа зауыты құры­лысы” жобасының техникалық-эко­номикалық негіздемесін
әзір­­­­леу­ге қаржы да бөлінді. Енді қа­­зір­­гі күні осы жобаны іске асыру
үшін әлеуетті әріптестермен бірік­кен кәсіпорын құру және оның құры­лымын
қаржыландыру мәселесі де қарастырылуда.
Айта кетерлік жайт, жобаны жүзеге асыруға ресейлік
«Чермет­информация” компаниясы қызы­ғушылық танытты. Бұл компаниямен де
екіжақты меморандумға қол қойылып, қазіргі таңда олардың үлес қатынастары
бойынша келіссөздер жүргізілуде. Негізі ферроқорытпа зауыты іске қосылғанда
оның тұрақты қызмет істеуі үшін қуаттылығы 150-200 мвт ілеспе газда жұмыс
жасайтын газтурбиналық электрстанциясының 
құрылысын салу қажет. Ал ол стан­ция жылына 450 млн. текше метр газ
тұтынатын болады. Сондықтан да алдағы уақытта ферроқорытпа зауытын үзіліссіз
электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезекте
«Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК әріптестік негізде Қытай компаниясымен ниет­тестік
туралы хат­тамаға қол қойды.
 Негізі Шиелі ауданындағы «Бала­сауысқандық» кешенін
игеру мен об­лыстың тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бойынша басқа да
іс-шараларды жүзеге асыруға бүгінде ерекше назар аударылып отыр. Соның ішінде
«Баласауысқандық» кенішіндегі қара тақта тасты автоклавты қайта өңдеу” жобасын
жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табуда. Айта кетейік, бұл жоба үш кезеңде
жүзеге асырылады. Оның жалпы құны 34,9 млрд. теңге. Жоба бойынша бірінші
кезеңде бір миллиард теңгеге жуық инвестиция игерілсе, 2013-2015 жылдарғы
екінші кезеңде 6,9 млрд. теңге инвестиция игеру жоспарлануда. Қазіргі күні
кеніште тәжірибелік өнеркәсіп кәсіпорнында жаңа технология бойынша руданы
байыту кестесі жүзеге асырылуда. Әрі мұнда жаңа технология бойынша 13 патент
алынған. Бүгінгі күннің өзінде кеніште бұл жұмыстарға 240 адам жұмысқа
тартылған. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығы артқан сайын жаңа жұмыс орындары
да көбейе түспек.
Жалпы қазіргі күні «Фирма Балау­са» ЖШС
«Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеруді жүзеге асырып келеді. Бұл кен орны
ауқымының кеңдігі сол, оның жанынан сұйық-калийлі ты­ңайт­қыштар шығару, жер
қыртысын тұзсыздандыруға арнал­ған үлкен тоннажды сорбенттер және ферроқорытпа,
құрылыс материалдары мен кремний карбидін, аморфты кремний, серобетон, ауыз
суды ыдысқа құюға арналған зауыттар мен газтурбиналық электр стансасы мен
газдандыру және көмірмен жұмыс істейтін стансалар секілді он ілеспе өндіріс
көздерін ашу да жоспарлануда. Мұнан бөлек бүгінде облыстың Құрымсақ, Сырдария,
Дарбаза, Иір­құдық және Мыңқұдық телімдері мен Байжарқын алаңында және
«Приаральное» кен орнында қазба байлықтарын игеру мақсатында іздестіру-бағалау
жұмыстарын бастау ісі де қолға алынды. Тап осындай жұмыстар «Қарамұрын-Мыңбұлақ»
кен торабының батыс қанатында және «Ақжар» кен алқабында да жүргізілуде.
Облыс басшысының іс-қимыл жоспарында «Қызылорда
қаласында қуаттылығы жылына 197100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты
құрылысы» жобасына да ерекше көңіл бөлінді. Бұл жобаның құны 52,1 млрд. теңге.
Ол іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Өндіріс орны
қуаттылығымен жұмыс істеген кезде 197,1 мың тонна табақша шыныны шығарады.
Шындығында, еліміз бүгінде тұрмысқа қажетті шыныларды
Қытай, Ресей, Қырғызстан жә­не Түркиядан сатып алып отыр. Сон­дық­тан да
қызылордалық жоба жү­зеге асқанда жылына 200 мың тонна шыны шығаруға мүмкіндік
туады. Осы өнімнің 70 пайызы ішкі қажеттілікті өтесе, қалған 30 пайызын Орталық
Азия елдеріне сатуға мүмкіндік туады. Сол үшін де бүгінде шыны зауытының
құрылысына Қызылорда қаласындағы индустрия­лық аймақтан 50 гектар жер бөлінді.
Сөйтіп бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қазір оның инженерлік ин­ф­рақұрылымдары
жүргізілу үс­тін­­де. Жалпы бұл зауыттың құры­лы­сымен
тікелей айналысу үшін «Оrdа Glass» ЖШС құрылып, жұмыс жасау­да.
Қысқарта келе айтқанда, облыс­та машина жасау
зауытының құры­лысын бастау мен шағын тонналық мұнай өңдеу зауытын кеңейту, үй
құрылысы комбинатын ұйымдастыру ісін аяқтау мен 
керамикалық кірпіш өндіретін зауыт пен пенополиуретан оқшаулау
трубаларын өндіруді ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыруды жалғасады. Өз
кезегінде бұл басымды жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға жол ашып,
аймақ өндірісін кең ау­қым­да дамыта түсуге үлес қосатын бо­лады.
 
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз