Бауырластық байланыс нығая береді

63

0

Бауырластық байланыс нығая бередіӨзбекстан ­Республикасына жасаған сапарында Елбасы Өзбек­стан­ның
тұң­ғыш Президенті И.Каримов­тің қабіріне гүл шоғын қойды.

Мемлекет басшысы жиналған­дарға арнаған сөзінде Ислам Каримовпен екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін  айтты.

Өзбекстандықтардың ­ке­лер ұр­пағы, келесі буыны Ислам ­Каримовты әрдайым есте сақ­тайды деп сенемінОның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттепзерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әлауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан Президенті.

Сондайақ, Нұрсұлтан ­Назарбаев бауырлас елдері арасындағы тарихи және стратегиялық байланыс­ты нығайту жолында Өзбекстанның тұңғыш Президенті баға жетпес роль атқарғанына тоқталды.

Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бірбірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі басында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздің қарымқатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді. Қазақстан әрқашан өз­бек халқымен қанаттасып, қатар келеді және солай бола береді. Біз сіздермен барлық қуанышты бірге бөлісіп, қиын кездерде бірге қайғырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримов­тің отбасымен
кездесіп, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетімен көңіл айтты.
 

* * * 

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің
мін­детін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам
Каримовтің  өзбек мемлекетін, елде­ріміздің
арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті.

– Тарихымыз, дініміз, мәде­ниеті­­міз бір
болғандықтан, оның бүкіл қайраткерлігі біздің халық­тарымыз арасындағы достықты
нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маңызды. Екіжақты
кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы  аясында да біз кез келген мәселеге қатысты
өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта
беру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев
екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық
күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз