БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

52

0

БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫМемлекет басшысы

Куба Республикасына сапармен барды. Сапар аясында Қазақстан Президенті Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы

Рауль Кастромен кездесті.

Алдымен Елбасы Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы  рәсім аяқталған соң мемориал музейін аралап көріп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Осыдан кейін Елбасы Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту және саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз