«БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

79

0

«БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНІҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫСейсенбі күні Байқоңыр қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің,  РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің төрағалығымен және  облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.   
Үкіметаралық комиссияның отырысында тараптардың «Байқоңыр» кешенінің қызметіндегі өзекті мәселелерді шешуіне мүм¬кіндік беретін, «Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы  ынты¬мақ¬тастық Тұжы-рымдамасын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Тараптар «Байқоңыр» ғарыш ай¬лағының инфрақұрылымын дамығуға және қолдауға бағытталған біріккен іс-шараларды қабылдауға, «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға уағдаласты. 
– Біздің алдымызда тұрған ор¬тақ міндет – ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және жалғастыру. Уақыт өте келе, «Байқоңыр» зымыран ісі саласындағы мамандарды даярлайтын нағыз технополиске айналады, – деп атап өтті Д.Рогозин.  
– «Байқоңыр» кешенінің тиімді қызметін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен жұмыстар екі елдің ғарыш саласын дамытуға,  «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы  ғарыштық қызметтің әлемдік нарықтағы заманауи әрі бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуға бағытталған, – деді А.Мамин. 
Сондай-ақ, жиында Байқоңыр қаласын бірлесіп дамытудың  2017-2025 жылдарға арналған Бағдар¬ламасының жобасы пысықталды. Оның іске асуы жалға беру  жағдайында қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту арқылы жаңа әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және өндірістік нысандарды құруға, инвестиция және бизнес тартуға, қолжетімді баспана құрылысын салуға, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Комиссия отырысында Байқоңыр қаласын дамытудың қазақстанстандық тараптан қаржыландырылу тәртібі бекітілді. Осылайша, қаланың -дамуына қос тарап та қатысатын болды. Бұл инфрақұрылым нысандарын,  атап айтқанда, әбден тозығы жетіп, ескірген жылу және су жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдер қаланы табиғи газға қосу бойынша қолға алынған жұмыстардың аяқталуына да оң ықпал ¬етпек. Жыл аяғына дейін тұрғын үйлердің алғашқы легін көгілдір отынға қосу, газ тарифін төмендету жос-парланған. 
Сондай-ақ «Бәйтерек» жобасының әртүрлі бағыттағы жұмыс-тарды көздейтін екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың жүйесіне  айналып отырғаны аталып көр¬сетілді. Атап айтқанда, бұл ұшырылу қызметінің нарығы талап етіп отырған орта типтегі жаңа зымырандарды жасау мақсатын көздейді. Бұған қосымша 2022 жылдың басына дейін «Союз-5» перспективалы зымырандарды жылдам түр¬де сынақтан өткізіп, одан кейін болашақта пилотты көлік кемесін толыққанды ұшыру көзделетін болады. Тараптар сондай-ақ, біріккен өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін мамандарды, өндірістік алаңдарды пайдалануды көздеп отыр. Бұл тікұшақ жасауға, қозғалтқыштарды, оның ішінде ғарыштық салаға байланыстыларын өндіруге қатысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар жиында «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызмет-керлеріне, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің, оның ішінде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, ҚР денсаулық сақтау субъектілерінің  медициналық қызмет көрсету  тәртібі, сондай-ақ олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен дәрігерлік көмек алуы туралы екіжақты құжатты ағымдағы жылдың 3-тоқсанында қабылдауды жеделдету жөнінде шешім қабылданды. 
«Байқоңыр» кешенінің мәселелерін талқылау Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жалғасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз