Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

68

0

 
Қызылорда облысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың жаңадан бастаған және жұмыс істеп жатқан бизнесмендеріне консультациялық көмек көрсететін өңірлік Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким «Атамекен» ӨКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан бағдарламалары, оның ішінде Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласындағы жұмыс бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсетіледі.
КҚКО қызметі рұқсат құжаттарын алу кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімділігін арттыру бойынша Үкіметтің шараларын өңірде іске асыруға бағытталған. Орталықтың міндеті – кәсіпкерлік сауаттылық деңгейін арттыру, АӨК-дегі заманауи технологияларды енгізу бойынша көмек көрсету, ШОБ субъектілерін маркетингтік және ақпараттық ілгерілету.
Анықтама:
Бүгінгі таңда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында консультация түрінде 289 қызмет және рұқсат құжаттарын алу бойынша, оның ішінде техникалық шарттар және жер телімдерінің мақсатты тағайындамасын өзгерту бойынша көмек көрсетілді.  


primeminister.kz сайты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз