БЕРЕКЕ БАСЫ БІРЛІКТЕ

120

0

БЕРЕКЕ БАСЫ БІРЛІКТЕ

Мемлекет
басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының
Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті

Кездесу
барысында екі мем­лекеттің басшылары сауда-эко­номикалық, инвестициялық және
мәдени-гуманитарлық сала­лардағы өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі
мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ
халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды.

Нұрсұлтан
Назарбаев пен ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы болып отырған Дидье Буркхальтер Ұйым
қызметінің маңызды тұстары туралы да сөз қозғады.

Мемлекет
басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі
екендігін атап өтті.

– Сіздің
ел Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 миллиард долларға жуық инвестиция салды.
Мұнда елу шақты швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.
Қазақстан Халықаралық валюта қорының швейцариялық кіші тобына қатысады. Біздің
елдеріміз сыртқы саясатпен қатар ішкі саяси мәселелер бойынша да тығыз
ынтымақтасып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Швейцария
Президенті өз кезегінде жылы шырайлы қа­был­дау үшін ризашылығын білдіріп, бұл
оның Қазақстанға алғашқы са­пары екенін айтты, екі елдің өзара
қарым-қатынастары жоғары деңгейде екеніне назар аудара отырып, бірқатар
перспективалы ба­ғыттардың да бар екенін атап өтті.

Осыдан
кейін Швейцария Президенті Дидье Буркхальтердің ресми сапары қорытындысына ар­нал­ған
бірлескен брифинг өткізілді.

Елбасы
брифингте тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстан мен Швейцарияның
арасында саяси және экономикалық тығыз қарым-қатынас орнағанына тоқталды.

– Біз
Швейцарияның мемлекет­тілікті нығайту мен түрлі салаларда саясат жүргізу
тәжірибесін үнемі пайдаланамыз. Бұл ел Қазақстанның Еуропадағы төр­тінші сауда
серіктесі саналады. Біздің тауар айналымымыз 4,5 млрд. долларды құрайды. Біздер
бірқатар халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасаймыз, ХВҚ-ның
швейцариялық кіші тобына қатысамыз, бұл екі елдің жақындасуына оң ықпалын
тигізуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан
Президенті швей­ца­рия­лық компаниялар машина жасау, фармацевтика, химия өнер­кәсібі
жобаларына, елімізде жүргізіліп жатқан индустрияландыру аясындағы
инфрақұрылымдар құрылысына қатыса алатынын айтты.

– Бүгіннің
өзінде республикада 40-тан астам қазақстандық-швейцариялық бірлескен кәсіп­орындар
жұмыс істейді. Бұл сапар біздің өзара қарым-қа­тынастарымызды жандандыруға
мүмкіндік береді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев сондай-ақ Д.Буркхальтердің ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы екеніне назар
аударды.

– Орталық
Азия, әсіресе, Қазақстан біз үшін Еуропа мен Азияның арасындағы дәнекер ретінде
маңызды мәнге ие. Біз Қазақстанға сыртқы істер министрліктерінің арасындағы
өзара іс-қимылды күшейтуге ұмтылысы үшін ризамыз. Сонымен бір мезгілде біз
ынтымақтастықтың жаңа, перспективалы салаларын іздеуге зор көңіл бөліп отырмыз,
– деді Швейцария Президенті.

Д.Буркхальтер
ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы ретінде Украинаға қатысты күш-жігерді арттырудың
және Минскіде қабылданған шешімдерді нақты­лау­дың маңыздылығын атап өтті.

Швейцария
президенті келіс­сөздер барысында ЕҚЫҰ-ның медиация және арағайындық,
қақтығыстарды болдырмау сала­ларындағы жұмыс мәселелері де сөз болғанын айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз