БІЛІМ МЕН БІЛІК БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

143

0

БІЛІМ МЕН БІЛІК БИІГІНДЕГІ АЗАМАТТиянақты білім мен кәсібін жан-жақты игерген, сол арқылы абыройлы еңбек жетістіктерін иеленген мамандар адамзат өркениетінің дамуындағы жетекші тұлғалар қатарында бағаланумен келеді. Солардың қатарында өзіндік еңбек жолы өнегесімен танылған білімді, білікті Қызбала Кенжеалыұлы Абылов есімін де құрметпен атаймыз. 
Ол 1947 жылы қазіргі Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылында туған. Ата-бабалары ғасырлар бойы мекен етіп келе жатқан осы өңірдегі халқымыздың тұрмыстық-әлеуметтік ортасындағы тіршілік қозғалысына тән дәстүр тағылымын сәбилік, балалық шағынан көріп өсті. Әкесі Кенжеалы және анасы Тұрсын қарапайым еңбек адамдары еді. Қызбаланың балалық шағы «Ақбел» ұжымшары орналасқан «Тебеген ой», «Көк иін» атты елді мекенде өтті. Ауыл аймағына белгілі бұл отбасында өңірдегі ақсақалдар, ел ағалары үнемі бас қосатын. Олардың ұлағатты сұх¬бат¬тарын тыңдап өскен бала Қызбала да өзі¬нің болашақ өміріне ұлағат ықпалын алғандай әсерге бөленетін. 
Ол 1964 жылы Ақжар ауыл¬ын¬¬дағы орта мектепті үздік бағамен бітірді. «Бестам» орта мек¬тебінде талапты шәкірттерге сапалы білім берген ұлағатты ұс¬таздар Т.Тұңғышбаев, Ш.Шоқ¬баров, С.Нұртаев, А.Әб¬діра¬манов, І.Бағатов, т.б. еңбек ететін. Ұла¬ғатты ұстаз¬дар¬дан тиянақты білім не¬гіз¬дерін алған талантты шәкірт¬тердің жоғары оқу орындарына қиналмай қа¬былданатыны мәлім. Қызбала да он-жылдықты бітір¬ген жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашы¬лығы институтының ауыл шаруа¬шы¬¬лығының экономикасы және ұйымдастыру факультетіне оқу¬ға түсті. Жоғары оқу орнында оқыған жылдары ғылыми-тео¬рия¬лық білім негіздерін игеріп, оны тәжірибелік тұрғыда жал¬ғас¬тыруға маманданды. Аталған инс¬титутты 1969 жылы бітіріп, КСРО Мелиорация министрлігінің жол-дамасымен Тереңөзек ауданы Тереңөзек совхозына экономист болып қызметке орналасты. Сол шаруашылықта 1969-1972 жылдары еңбек етті. 1972 жылы туған ауданына оралып, 1972-1973 жылдары Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бас¬қар¬ма¬сында аға бухгалтер, 1973-1977 жылдары «Қуаңдария» совхозында бас экономист, 1977-1983 жыл¬дары Ленин ¬совхозында бас экономист болып қызмет іс¬теді. 1983 жылы Қармақшы ау¬дандық партия комитетінің және облыстық ауыл шаруашылығы бас¬¬қармасының шешімімен Қар-мақшы аудандық ауыл¬ша¬руа¬шы¬лығы басқармасы бас¬тығының орынбасары болып та¬ғайындалды. 
Басшы маман қызметіндегі білікті ұйым¬дас¬ты¬рушылық қабі¬летіне орай кейін басқарма бас¬тығының бірінші орынбасары болды. Осы қызметін 1995 жылға дейін атқарды. Осы¬лайша білімді, білікті басшы маман қыз¬метімен халыққа танымал болған Қызбала Кенжеалыұлы Қармақшы ауданы және облыс экономикасын өр¬кендетуге өзінің елеулі үлесін қосты. Сол арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы озық ұйымдас¬тырушылық-білік¬тілік тәжірибе өнегесін таныта білді. Өндірісті ұйымдастыру және экономиканы жақсарту жө¬нін¬дегі озық әдістерді өн¬діріске енгізуге белсене араласты. Қызметі аясында ауыл шаруашылығында еңбек ¬ұйымдастырудың озық тәжірибесін жас маман¬дарға үйрету мақсатында республиканың, одақ¬тың озат шаруашылықтарына іссапарға барып, олардың жетістіктерін аудан жағдайында енгізу жұмыстарын ұйымдастырды. Теориялық ¬бі¬лім мен тәжірибелік істі сабақтастырудың озық өнегесін таныта білді. Білікті маман Қызбала Кенжеалыұлының басшы¬лығымен еңбек ұйымдастыру мен еңбекке ақы төлеуді өнім өндірудің түпкі нәтижесіне байланыстыру, осыған байланысты әрбір ұжым мүшесінің жауапкершіліктері мен міндеттері жайлы аудандық агрооқуларда, аудандық семинарларда орта буын басқарушыларына, мамандарға жүйелі насихаттық іс-шаралар жүзеге асырылды. Ол бас¬қарған еңбек ұжымдары озат бастамаларының нәтижесінде облыс бойынша үнемі алдыңғы орындарды иеленді. Маман Қармақшы ауданы шаруашылықтарында еңбек ұйымдастыру және еңбек ақы төлеудің прогрессивті озық әдіс¬терін өндіріске енгізу тәжірибесі жөнінде облыстық семинарларда, 1983 жылы Москвада ССРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өткізілген Бүкілодақтық семинарда баяндамалар жасап, жо¬-ғары білікті тыңдаушылардан жоғары баға алуымен ерекшеленді. Осы¬лайша ол өзі қызмет атқарған саланың экономикалық жақсы жетіс-тіктерге жетуіне үнемі ықпал еткен қабілетімен дараланды.
Қызбала Кенжалыұлы – аудан шаруа¬шылықтарында экономика және бухгалтерлік есеп саласындағы мамандарға басшылық жасап, олардың өз мамандығының білгір маманы болуына қамқорлық жасаған білімді басшы. Оның тәлімгерлігі арқасында мамандығын жете меңгерген шәкірті Жанат Кенжебекова Қаржы министрлігінің қаржы бақылау комитетінде қызмет атқарды, ал Б.Ержанов, Т.Досбатыров, А.Саркөбенов, Қ.Мүсіркегенов, Ш.Асқаров және т.б. жас маман шәкірттері аудан, облыс мекемелерінде нәтижелі еңбек етіп, бұл күндері Тәуелсіз еліміздің жаңа тарихындағы жетістіктерге лайықты үлестерін қосып жүр.
Еселі еңбек жолында Қ.Абылов кеңестік кезеңдегі республикалық, одақтық кө¬лемдегі шаруашылық ұйымдарының іс-шараларына белсене қатысқан қайраткер-маман. Атап айтқанда, КСРО Халықтық Бақылау Комитетінің, Өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамы Бүкілодақтық кеңесінің, КСРО Ауылшаруашылығы Министрлігінің, Қазақстан Компартиясы Қызылорда облыстық комитеті мен Халық депутаттары облыстық Советі атқару комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Жоғары деңгейдегі біліктілігі үшін «Қы-зылорда облысының үздік экономисі» атағы берілді. 
Қазақстан Республикасының Тәуел¬сіздігі салтанат құрған 1995-1996 жылдары Жосалы меха¬никалық зауытының бас есепшісі, 1996-2003 жылдары Құм¬көл кен¬і¬шінде жоспарлау бө¬лімінің бас¬тығы, есепші, 2003-2006 жылдары БИС жауапкершілігі серік¬тес¬тігінде қаржы жөніндегі директоры қыз¬меттерінде де абыройлы еңбек жолын жалғастырды. Ал 2006 жылы Алматы қаласына қызмет бабымен қоныс аударып медиахолдингте бас есепші болып, 2010 жылы зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. 2010 жылы осы мекемеден құрметті еңбек демалысына шығып, өзінің көпжылдық қызмет тәжірибесін жас мамандарға үй¬ре¬тіп тәлімгерлік-кеңесшілік жасап келеді.
Қызбала Кенжеалыұлы – өне¬гелі отбасының иесі. Басшы маман болып ұзақ жылдар бойы жалғасқан еңбек өтілі кезеңдерінде отбасының берекелі тұрмысын қамтамасыз ете білді. Әйелі Базаркүл Таши¬мова екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді, балалары еліміздің халық шаруа¬шы¬лығының түрлі сала¬ларында еңбек етіп, өнегелі отбасының дәстүрін лайықты жал¬ғас¬тырып келеді.
Жеті ондық өмір белесінің ас¬қа¬рына көтеріліп отырған елі¬міздің абыройлы азаматы, текті әулеттің ұрпағы Қызбала Кенжеалыұлының білімі мен біліктілігі арқылы игерген еңбек жолының биіктігі – біздің заман¬дастарымызға ортақ мәртебе көрсеткіші. Ата-бабаларымыз қа-лып¬тас¬тырған қазақ өркениетінің қазіргі Мәңгілік Ел дамуы бағдарындағы болашағы осындай ұла¬ғатты тұлғалар тағылымы ар¬қы¬лы жалғаса беретіні ақиқат.

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз