БІЛІМ СЫНАҒЫ ҮЗДІКТЕРДІ САРАЛАДЫ

72

0

Білім беру бағдарламасына биылғы енгізілген өзгерістерге сәй¬кес  мектеп бітірушілердің барлығы қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қатысып, орта білім туралы куәлік алды. Олардың қата¬рында 397 «Алтын белгі» иегері бар. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнына түсуге ниетті талапкерлер жаңа форматтағы ҰБТ сынағынан өтуде. Білім сынағының ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысты.
Руслан Рүстемұлы соңғы үш жылда аймақ түлектерінің өз білімін дәлелдеп, орташа білім көрсеткіші бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатардан табылып жүргенін атап өтті. Өткен жылы мектеп бітіруші түлектердің 95 пайызының жоғары және арнаулы оқу орындарына түскені – білім саласындағы басты жетістіктердің бірі екенін айтып, сынға түскелі тұрған талапкерлерге сәттілік тіледі. 
Осы жылдың 20, 21 маусымында облыста ҰБТ сынағының алғашқы екі күні өтті. Бұл уақыт аралығында Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Қармақшы, Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандары және Ақай елді мекені бойынша   9 тестілеу пунктінде 3337 талапкер сынақ тапсырды. ҰБТ сынағының алғашқы күні орташа балл 80,7 пайызды құрады. 
Айта кетейік, тестілеу емтиханы 3 міндетті пән және талапкердің таңдауы бойынша 2 бейінді пәннен тұрады. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут, ал шекті балл – 50 өзгеріссіз қалды. Барлығы – 120 сұрақ бойынша мүмкін болған 140 балдан ұлттық университеттер үшін – 65, медициналық мамандықтар үшін – 60, басқа мамандықтар үшін төменгі шекті балл – 50 балдан жоғары жинаған талапкерлер жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады.  
Барлық тестілеу пункттерінде ата-аналар мен бақылаушылар үшін арнайы LED экраны орнатылып, емтиханның өту барысын көріп отыруға мүмкіндік жасалды.
Ғазиза ӘБІЛДА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз