БІЛІМ: ЖҮЙЕЛI ЖҰМЫС ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

127

0

БІЛІМ: ЖҮЙЕЛI ЖҰМЫС ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІӨткен
сенбіде Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында «Білім беру мазмұнын
жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында облыстық білім беру қызметкерлерінің
дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті. Кеңеске облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Мұрат Бақтиярұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның
директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, ҚР Білім және ғылым министрлігі
мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева
және аймақ ұстаздары қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен арнайы дайындалған көрме
жұмысымен танысты. Көрмеде аудандар мен Қызылорда қаласының білім саласы
бойынша даму көрсеткіштері инфографика, слайдтар және стендтер арқылы
таныстырылды.

Тамыз кеңесін ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
ұстаздар қауымын дәстүрлі шарамен құттықтап, өңірде білім саласы бойынша
атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Құрметті жиынға қатысушы­лар! Бүгін біз облыстардың
ішінде ал­ғашқы болып тамыздың бел ор­­­та­сында жаңа оқу жылының қар­­­­саңында
білім беру саласы қыз­мет­керлерінің дәстүрлі кеңесіне жи­­на­лып отырмыз. Біз
кеше бір күн­­нің ішінде Арал, Қазалы, Қар­мақ­­шы, Сырдария, Шиелі аудан­да­рында
жаңадан салынған 8 мек­теп­тің, бір балабақшаның есігін айқа­­­ра аштық. Бұл
біз үшін үлкен қуаныш.

Бұл күнде сапалы білімнің мемлекет пен қоғам үшін бас­ты
құндылық, ең қымбат қазына екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Біздің жағдайда,
білімнің биік беделі – тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты.
Сондықтан да, білімді дамыту Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
белгілеген барлық стратегиялық бағдарламалардың тірегі болып келеді. Елбасы
ұсынған бес реформа аясында іске асатын Ұлт жоспары да болашақ Қазақстанның
келбетін анықтайтын білім саласына қатысты бірқатар маңызды қадамдарды қамтиды.
Сондықтан да білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге
барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең бас­ты міндеттердің қатарында.
Сапалы білім – қомақты қаражат талап ететінін ескеріп, басқа бірде-бір саламен
салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз,– деген аймақ басшысы онан әрі
аталған салада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Белгілі болғанындай, биыл білім саласына облыс
бюджетінің 35 пайызы, яғни, 66 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Соңғы үш
жыл ішінде сала бюджеті 24 млрд теңгеге артып отыр. Салаға қаралған қаржының
еселеп артуы нәтижесінде күрмеуі қиын мәселелер өз шешімін тауып келеді.
Мәселен, қазір аймақта үш ауысымда білім беретін мектептер жойылды. 2013 жылы
облыста 25 апатты жағдайда тұрған мектеп болса, бүгінде олардың саны едәуір
азайды. Бұл мәселе келер жылы толықтай шешімін табады деп күтілуде. Бүгінгі
таңда 22 білім ошағының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 19 мектеп, үш балабақша ел игілігіне беріледі деп
жоспарланса, жоғарыда айтылғандай, күні кеше ғана 8 білім ордасы мен бір
балабақша өз есіктерін айқара ашты.

Мемлекет пен жеке кәсіпкер­лер­дің күшін біріктіріп,
ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында өткен жы­лы жалпы саны 103 жаңа бала­бақша
ашылса, соның – 77-сі жеке. Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 61
мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымын ашу жоспарланған. Осының нәтижесінде жаңа
оқу жылынан бас­тап «Балапан» бағдарламасы бойынша қызылордалық балғындар ба­ла­бақшамен
100 пайыз қамтылып, Елбасының бұл тапсырмасы Сыр елінде мерзімінен бұрын
орындалады. Осы орайда облыс әкімі
ендігі алда тұрғын мақсат – ол 1-3 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен
қамтуды көтеру міндеті екенін атап өтті.

Биыл ҰБТ нәтижесі де көңіл қуантарлық. Сыр өңірі
13-орыннан алдыңғы бестікке көтерілді. Мыңдаған қызылордалық жас түлек облыс
әкімі гранттарын иеленсе, Ресей үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 321 түлек
Мәскеу және Санкт-Петербург жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұған қоса,
«Серпін» бағдарламасымен де мыңдаған қызылордалық жас тегін білім алуға жолдама
алды.

– Маған әкім ретінде атқарған жұмыстардың ішіндегі
ерекшесін атаңыз десе, білім саласындағы жетістік дер едім. Өйткені, білім –
күрделі жүйе. Қырағы түрде қадағалауды қажет етеді. Біз тағы бір жобаны қолға
алдық. 22 білім ошағын инновациялық мектепке айналдырмақпыз. Яғни, Назарбаев
мектебі үлгісінде жарақтандырамыз. Бұл орайда ұстаздарды оқыту керек. Оған
қыруар қаржы қажет. Бірақ болашаққа инвестиция салудан бас тартпаймыз,– деді
облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Өз кезегінде сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі
Аслан Сәрінжіпов ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады және Сыр өңірінің
білім саласындағы бірқатар жетістіктерін атап өтті.

– Құрметті әріптестер, қадірлі қауым! Жаңа оқу жылы
қарсаңында біз дәстүрлі түрде өткен жылды қорытындылап, келер жылы алда тұрған
міндеттер мен қызметтерді белгілеуге жиналып отырмыз. Елбасының Ұлт жоспарында
білім беруді дамыту бойынша бес қадам нақтыланғанын білесіздер. Сол бес
тапсырманы орындау біздің алдымызда тұрғын нақты міндеттер болып табылады. Сыр
өңірінің білім саласындағы жетістігі мол екендігі анық аңғарылады. Әсіресе, ҰБТ
нәтижесі қуантты. Педогогикалық кадрларды дамыту бойынша аймақ көшбасшылар
қатарында. Өңір жас кадрларға сенім артуымен ерекшеленеді. Мәселен, 2014 жылғы
дерек бойынша 25 жасқа дейінгі мұғалімдердің үлесі республикада 11 пайыз болса,
Қызылордада бұл 16 пайызды құрайды. Жоғары
білімді мамандар үлесі сіздерде 92 пайызды құраса, еліміз бойынша орташа үлес 89 пайыз. Бірінші санатты педагогтардың үлесі
облыс­та 38 пайыз болса, республикада орташа үлес 32 пайызды көрсетеді.
Сондай-ақ, бес-алты жастағы балаларды меткепке дейінгі тәрбиемен қамту 100
пайызға шыққан. Ендігі жерде магистр дәрежесі бар педагогтардың санын арттыруға
ден қойып, осы бағытта жұмыс жасау қажет,– деп атап өтті министр өз
хабарламасында.

Мұнан соң облыстық білім басқармасының басшысы Бақыт­жан
Сайлыбаевтың хабарламасы тың­дал­ды. Бас ұстаз бүгінгі күні облыс көлеміндегі
жалпы орта білім беретін барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылына дайындық
жұмыстарының аяқталып қалғанын жеткізді. Өткен оқу жылында аймақта 292 мектеп
балаларды білім нәрімен сусындатса, алдағы жаңа оқу жылы олардың қатары 300-ге
жетпек. Оның ішінде алты мектеп Байқоңыр қаласындағы қазақстандық стан­дарт­қа
көшірілген мектептер. Өткен оқу жылы мектеп оқушы­ла­рының саны 128303 болса,
жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа 16500 оқушы қабылданып, облыс бойынша мектеп
оқушыларының саны – 134 мыңға жетуде.

«Алтын белгіге» үміткер 231 оқушының 139-ы өз
білімдерін дә­лел­десе, үздік аттестатқа барлығы 59 оқушы ие болды. Екі мектеп
бітіруші түлек облыс бойынша ең жоғары 123 балды ал­ды. Олар Қызылорда қала­сындағы
№136 және Жалағаш ауда­нын­дағы №202 мек­тептің түлектері.

Айта кетуіміз керек, білім қыз­меткерлерінің дәстүрлі
тамыз кеңесі биыл өзгеше форматта өткізілді. Яғни, жиын барысында аудандармен
телекөпір арқылы бай­ла­ныс орнатылып, аудандағы сала қызметкерлерінің кеңес
жұмы­сы­на араласуына мүмкіндік жасалды. Осы орайда жоғарыда айтып өткен
Байқоңыр қаласындағы №277 Қ.Тоқмұхамедов атын­дағы орта мектеп директоры
Жұмакүл Тілеуқабылова байқоңырлық қазақ тілінде оқытылатын алты мектептің және
бір балабақ­шаның қазақстандық оқу стандартына көшкеніне орай жылы лебізін білдірді.

– Байқоңырлық мектептер жаңа оқу жылына дайын. Барлы­ғымыздың
көңіліміз көтеріңкі. Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі, Білім
және ғылым министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі бірлесе отырып Байқоңырдағы
алты мектепте оқитын өз балаларымыздың болашағын ойлап, қазақстандық стандартқа
көшіріп, бізге орасан зор қамқорлық танытты. Осы орайда ұстаздар, ата-аналар
және оқушылар атынан алғысымызды айтамыз.Бүгінгі күні бұл мектептерде 518 мұғалім қызмет етеді, 4794 оқушы білім алады. Қазіргі уақытта
мектептер қажетті оқулықтармен және кешенді әдісте­мелік құралдармен жүз пайыз
тегін қамтамасыз етілді. Біз, байқоңырлық ұстаздар, балаларды білім нәрімен
сусындатуда, тәуелсіз еліміздің ұлтжанды, Отансүйгіш ұрпақтарын тәрбиелеуде
аянбай еңбек етеміз деп сендіреміз, – деді директор.

Сондай-ақ, жиында ҰБТ-дан ең жоғары балл алушы
жалағаштық түлек Мархабат Шайхиеваның әкесі Әбілғазы Изенов те мүмкіндікті
пайдаланып, Жалағаш ауданы орталығынан тестілеу пунктінің ашылғанына жұртшылық
атынан ризашылығын білдірді.

– Құрметті тамыз мәслихатына қатысушылар, құрметті
облыс әкімі, құрметті министр! Биылғы жыл біздің отбасымыз үшін, өзге де
әулеттер үшін сәтті жыл болды. Өйткені, үміт күткен балаларымыз Ұлттық тестілеуден өте жоғары балл жинап, өздері
армандаған оқуларына түсті. Мен облыс көлемінде ең жоғары 123 балл алған
Мархабат Шайхиеваның әкесімін. Биыл Жалағаш ауданында ашылған тестілеу орталығы
осы нәтижеге жетуге үлкен септігін тигізді. Осыған орай тестілеу орталығын ашып
берген облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына,
ҚР Білім және ғылым министрінеата-аналар атынан шексіз алғысымды айтамын. Қызым Мархабат бірінші
сыныптан бастап оқу үздігі, белсенді оқушылардың бірі болды. Жақында ғана
Астанадан қуанышты хабар келді. Мархабат өзі армандаған Астанадағы медицина
академиясына оқуға түсті. Осының бәрі білімнің, ұстаздардың өлшеусіз еңбегінің
арқасы деп білемін.

Сонымен бірге селекторлық байланыста Арал ауданының
Қамбаш оқу-сауықтыру орталығының басшысы Гүлмира Тәжеди сөз алып, оқу-сауықтыру
орталығының тиім­ді­лігіне тоқталды.

– «СаутсОйл» компаниясы сал­ған 100 орындық
спорт-сауық­тыру кешені өткен жылы пай­да­лануға берілген болатын. Ауданымыздың
түлектері қо­сымша білім алуға мүмкіндік алып, қыс-көктем айларында ҰБТ-ға дайындықпен
100 пайыз­ға қамтылды. Нәтижесінде ауда­нымыздың көрсеткіші өткен жылмен
салыстырғанда 8,7 балға көтеріліп, орташа балл 81,47-ні құрады. Жаз маусымында
осы орталықта аз қамтылған көпбалалы
отбасы балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар бірін­ші кезекте демалды.
Сонымен бір­ге, жеті ауысымда 150 баладан – бар­лығы Сыр өңірінің 1050 баласы
жазғы демалыс­пен қамтылды. Ен­ді орталықты әрі қарай дамыту мәселесі тұр, –
дей келе, орталық бас­шы­сы орталықтың жыл бойы жұ­мыс жасауы үшін облыстық
бюджеттен қаржыландыруды сұрады. Өз кезегінде облыс әкімі бұл ұсы­ныс­тың
орынды екенін айтып, облыстық білім басқармасы басшысына тиісті тапсырма берді.

Сондай-ақ, жиын барысында «КATEV» халықаралық қоғамдық
қорының президенті Дархан Өте және ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының
өкілі Юрии Окса­митныйдың хабарламасы тыңдалды.

Жиын соңында білім саласының дамуына үлес қосып жүрген
бірқатар мұғалімдер «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Білім беру ісінің Құрметті
қызметкері» төсбелгілерімен және министрліктің, облыстың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хатымен
марапатталды. Сонымен бірге, «Үздік орта білім ұйымы» грантын иеленген №9
облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейіне 17 млн теңгенің
сертификаты табысталды.

Жиынды қорытқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ұрпақ
бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеудің маңызын атап өтіп,
әсіресе, адамгершілік, имандылық сияқты ізгі қасиеттердің әр баланың бойында
болуы керектігін, осыны бала жанының бағбандары әрдайым есте ұстап, реті
келгенде амалы мен ебін тауып баланың құлағына құюдан, көңіліне қондырудан
шаршамауды ескертті.

Айнұр
БАТТАЛОВА,

Бағдат ЕСЖАНОВ(сурет).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз