Білімнің әлемдік айдынына шығамыз

128

0

Әліпби ауыстыру ісі ешбір саланы айналып өтпейді. Дүниеге келген баладан, еңкейіп өтіп бара жатқан ұр­паққа дейін әліпби ауыстырудың өзектілігін де, қажеттігін де көріп отыр. Өнеріміз де, өміріміз де тілімізге тәуелді.
Өз басым әу бастан-ақ латын әліпбиін қолданудағы умляут (ноқат) таңбасын пай­да­ланған соңғы жобаны қолдайтын ұстанымымды бұған дейін де баспасөз беттерінде білдірдім. Жеті рет өлшеп, бір-ақ кесейік дегенді алға тарттық. Әрине, әліпби ауыстыру тарихи жауапкершілік. Бұл ел өміріндегі елеулі үдеріс. Әліпби ауыстыру маман­ды­ғымызға да шығармашылығымызға да өлшеусіз өзгерісін әкеледі. Бұл білімнің, мәдениеттің әлемдік  айдынына шығуға орасан септігін тигізеді. Бұл ұлы өзгеріс болашақ үшін керек, кейінгі ұрпағымыздың әлемдік қауымдастыққа оңай сіңіп кетуі үшін де қажет. Меніңше, ноқат таңбасы әдеби, тарихи, ғылыми бай мұраларымызды шашпай-төкпей транскрипциялауға жеңілдік тудырады деп ойлаймын. Сондықтан Елбасы қабылдаған шешімді тарихи ұйғарым деп есептеймін.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз