БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ БАСТАМА

76

0

БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ БАСТАМАҚазіргі әлемнің даму бағытын алдын ала болжауға болмайтын бұлыңғыр кезеңде Мемлекет басшысы жариялаған «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тарихи маңызы ерекше. Елбасы бұған дейін алдағы экономикалық, саяси жаңғыруға арналған нақты бағыттарды өзінің Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында айқындап беріп, енді осы мақала арқылы ұлтымыздың рухани болмысын түгендеп, тарихи тағылым арқылы болашаққа деген даму тетігін көрсетіп отыр. 
Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берікөзегі ете отырып, ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық біре¬гейлікті сақтау қағидаттарын айқындап, әрбір қадамды  нық басуға жөн сілтеді. Әри¬не, бұл біздің қоғамға аса қажет дүние. Яғни,технологиялық жаңарумен шектеліп қой¬май, алдағы уақытта адамның сана-сезі¬мін қатар жетілдіруге мән берілетін болды. 
Бұрын техника, экономика бәрін шешеді деп ойлаушы едік. Қазір бәрі өзгеріп жат¬қан заманда, ұлттық санаға ерекше мән берілуде. Егер халық өте білімді болса, ол кез келген нәрсеге тез бейімделетін болады. Сондықтан, біздің санамыз ісімізден бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Таяудағы он жылда өмір салты түбегейлі өзгереді. Табысымызды еселеп, сұранысты арттыруда өзгелердің ең озық тәжірибелерін  қабылдауға дайын болуымыз керек. Ал қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру – бұл ғылым мен білімнің алға қарай даму ерекшеліктеріне негізделіп отыр. Үкімет жасаған кестеге сәйкес, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары атқарылатын болады. Бұл – өркениетті шешім. Ағылшын тілін оқып жатқан өскелең ұрпаққа латын қаріптері жақсы таныс. Әлемнің басым бөлігі пайдаланатын латын әліпбиі арқылы біз өз тарихымызды, мәдени құндылықтарымызды оралға жеткізе аламыз.
Елбасы мақаласындағы ұлтты ұйыс¬тыратын тағы бір ұсыныс ол – «Туған жер» бағдарламасы. Мұнда нағыз патриоттық тәрбиенің рухы сезілуде. Президенттің айтуынша, жаңғырған қоғамның  өзінің рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Ол Қазақстанның ұлан-ғайыр жерімен, аса бай рухани тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері.
Елбасының «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер, тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген қорытынды сөзі еліміздің әрбір азаматына жаңа міндет жүктеп, ұлттық сананы жаңғыртуды, қоғамға рухани серпіліс беріп, заман көшіне ілесуге жетелейді.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
облыстық
филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз