Бір күнде – 6 мектеп пен 2 балабақша

197

0

Бір күнде - 6 мектеп пен 2 балабақшаБүгін Қызылорда облысының білім саласында бұрын-соңды болмаған көлемдегі білім ордалары пайдалануға берілді. Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында 6 мектеп пен 2 балабақшаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Мектеп бітірушілердің мерекесі күнгі игі іс-шараларға облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге солтүстіктегі үш ауданды аралаған министр құрылысы жүріп жатқан білім ордаларының жай-күйімен де танысты. Қазалы ауданында соңғы қоңырау шарасына қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі. Шара барысында облыс әкімі Мемлекет басшысы қойған тапсырмаға сәйкес 2020 жылға дейін үш ауысымда оқитын мектептерді жою мәселесіне орай, өткен жылы 25 мектеп соғылғанын, биылғы жылдың тамыз айында аймақта ондай білім ордаларының толықтай  болмайтынын атап өтті.
Бөбектерді балабақшамен қамту облыс көлемінде толықтай шешімін тапқанына  да тоқталды. Осылайша Елбасы қойған тапсырмалардың уақытынан бұрын іске асып жатқанын жеткізді.
 
Бір күнде - 6 мектеп пен 2 балабақша
Бір күнде - 6 мектеп пен 2 балабақша
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз