БІРЕГЕЙ БРЕНД – «DALATEX»

104

0

БІРЕГЕЙ БРЕНД – «DALATEX»
БІРЕГЕЙ БРЕНД – «DALATEX»Тұтыну нарығын күнделікті зерттеп, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтайтын сарапшылардың пікіріне қарағанда, сауатты маркетинг, қолжетімді баға сияқты бірнеше факторлар бизнестің өркендеуіне өзек болады.
Керегін іздеген тұтынушы базарда, қала берді, дүкендерде бағын сынайды. Мұнда адам жанынан басқаның бәрі бар. Бірақ,  барлығы   сырттан келген тауарлар. Отандық тауар ілуде біреу ғана. Сол бірегей бренд –  Қызылордада шығатын «Dalatex» ерлер жейделері. 
«Dalatex» компаниясының өнім шығара бастағанына жылға жуықтады. Бүгінде заманауи стильді жейделерді тігіп, оны көрші елдерге экспорттауды мақсат тұтқан компанияның ісі өрге басты.  Алғашында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, отандық киім тігуді бастаған еді. 
Көпшіліктің көзайымына айналған тауарлар бүгінде еліміздің барлық аймақтары мен Ресей нарығында сұранысқа ие. Осы уақыт аралығында «Dalatex» бренді өзіндік үлгісін  қалыптастырып үлгерді. Шеберлер әртүрлі маталардан, тапсырыс берушілердің сұранысына сай жейделер тігуді жолға қойды. Жейделер бір түсті және өрнекті маталардан тігіледі. Өндірістің негізгі артықшылығы – сапасы мен өндіру технологиясы бірдей болғанымен, түрік жей¬делерінен бағасы әлдеқайда төмен.  
Фабриканың не¬гізін қалаушы Д.Абизов «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 14 пайызбен 30 млн теңге несие алған. Оның 10 пайыздық үстемесін мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялауда.
– Мен өз арманымды жүзеге асыра алғаныма қуаныш¬тымын. Күнделікті 200-ден астам жейде тігудеміз. Ал шеберлеріміз жейденің әр түрін ұсына отырып, талғамы жоғары тұтынушылардың тапсырысын орындауда. Біздің өнімді жергілікті халық қана емес, өзге өңір тұрғындары да ұнатып, сатып алуда. Бұл – еңбегіміздің жемісі, – дейді кәсіпкер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз