БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАСЫ

140

0

Бүгін Индустрияландыру күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұйымдастырылған жалпыұлттық телекөпірде  аймағымыздың оңтүстігіндегі Шиелі ауданында орналаса бастаған «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің цемент зауыты құрылыс жобасы таныстырылды. 

Бұл жоба еліміздің 2015-2019 жылдарға арналға индусриялық—инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылу үстіндегі аса ауқымды жоба. Негізінен томпанажды цемент өндіретін зауыттың жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна. Аталған жоба «Корпарация Данеке» ЖШС және қытайлық «Gezhouba Group Cement Co.. Ltd” компаниясымен бірлесіп қолға аланған. Оның Бас мердігері «Чайна Триумф Интернэшнл» – халықаралық көшбасшы компаниялардың бірі екендігі және де әлемдегі үздік 50 ұлттық кәсіпоырдар қатарына енеді. Аталмыш шаруаның аса жауаптылығы мен оның тиянақты тұжырымдылатындығы нақты кезеңде жүзеге аса бастаған іс-әрекеттердің қарқындылығын білдірсе керек.

Жаңа индустрияландыру күні аясында осы күні еліміздегі 25 ауқымды жоба таныстырылса, өз кезегі келгенде «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясын» ЖШС-і басқарма төрағасы Ли Мин Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зауыт құрлысының қазіргі барысы туралы мәлім етті. Ол сөзінде, Құрметті Президент! Жылына 1 млн. тонна томпанажды цемент шығарытын Гежуба Шиелі Цемент зауыты толық қуатымен жұмыс істей бастағанда өз өнімдерінің 30  пайызын ТМД елдерімен бірге қытайға экспорттай алады. Мұнда сапалы да жоғары сортты томпанажды цемент шығарылады. Қазақстан-Қытай бірлескен 51 жобаның қатарына енетін бұл жобаның жалпы құны 64 млрд. Теңгені құрайды. Нақты уақытта қарқынды жұмыстар атқарылу үстінде, –деді. 

Жоба жұмысын бастауға рұқсат берген Елбасы: «Томпанажды цемент өндіру еліміз үшін барынша маңызды орын алады. Өйткені, осы арқылы мұнай және газ өндіру барысын ұлғайта түсеміз. Бұл әрі жаңа жұмыс орындарын ашу мен жаңа технологияны меңгерудің тиімді жолы , – деп атап көрсетті.

Оқырманда есіне сала кеткен орынды болар, Қазақстан мемлекеті алдына өте қомақты жоспарлар қойып отыр. Бұл біріншіден елдің даму мүмкіншілігінің артқандығын көрсетсе, екіншіден әлемдік жаһандану талабы –қол жеткен жетістіктерге малданып қалмай, алға жылжу керектігін көрсетеді. Бұл бұрынғы табысты өткен екі жаңғыру барысында айқын дәлелденді. Мемлекет басшысы жариялаған үшінші жаңғыру барысында біз алға батыл қадам басуға тиіспіз. «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», деген еді  Елбасы. Расында, оның негізгі басымдығы байқалады. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. «Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет деп атап көрсетті өзінің биылғы жыл басындағы халыққа Жолдауында.  Міне, осы тұрғыда шеткі аймақтардың өзінде қарқынды жұмыстар ұйымдастылу үстінде екендігі Шиелі ауданында құрлысы басталған Гежуба Шиелі Цемент зауытының жұмыс қарқынынан айқын аңғарылды.

–Айтары жоқ, жаңа индустрияландыру өмір талабы. Бұл еліміздің заманға сай жаңа сипатта дамуына жол ашады. Сонымен қатар бұрын пайдаланбаған жобаларды іске асыру кезеңі болмақ. Осы қатардан табылғанымызға біз қуаныштымыз, –деген Шиелі аудынының әкімі Әшім Оразбекұлы өз сөзінде жуырда ғана халқымыз үлкен ауызбіршілікпен тойлаған Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауданда бірнеше әлеуметтік нысандардың пайдалануға беріліп, елдің қуанышын еселей түскендігін тілге тиек етті. Және де тек аграрлы саламен ғана шұғылданбай өнеркәсіпке ден қоюы да ауданның мәртебесі мен мүмкіншілігін молайта түскендігін айтты.

Иә, жарқын болашаққа зор сеніммен қадам басқан еліміз Елбасы маңына тығыз топтасып, жаңа жобаларды қолға алу арқылы ертеңіміздің мұнан да жарқын екендігіне сендіреді.

 

Нұрмахан ЕЛТАЙ, 

Шиелі ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз