БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

45

0

БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛСенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Катар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесті.

Екі ел көшбасшыларының кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда, инвестициялық және сауда-экономикалық салалардың негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Тамим бен Хамад әл-Тани екі мемлекеттің өзара ықпалдастығын бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жандандыру үшін ауқымды перспективалар барын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Катар Әмірінің елімізге жасаған сапары оның Катар тағына отырған кезден бергі шет елге алғашқы сапарының бірі болып саналатынына тоқталды. 
– Сізді Катар Әмірі жауапты лауазымын иеленуіңізбен құттықтаймын, денсаулық және қызметте табыстар тілеймін. Сіздің әкеңіз Хамад бин Халиф әл-Танимен бірнеше рет кездескенбіз. Ол бірнеше рет Қазақстанға келді, сондай-ақ мен де Катарда сапармен болдым. Біз әсіресе экономикалық өзара іс-қимыл саласында тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүдделіміз. Қазақстан мен Катардың экономикалық құрылымында бірқатар ұқсастықтар бар. Мұнай мен газ көлемі жөнінде Катар бүгінде өңірдегі және әлемдегі жетекші мемлекеттердің біріне айналды. Қазақстанның да жер қойнауы мол байлыққа ие. Сондықтан бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік жеткілікті. Екі ел ведомстволары көп жұмыс жасады, қол қою үшін бірқатар құжаттар дайындалды. Атап айтқанда, Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция және екі елдің қорлары арасында өзара түсіністік туралы меморандум, – деді Мемлекет басшысы.
Катар Әмірі кездесу мен қонақжайлық үшін алғысын айтты және өзінің әкесі Хамад бин Халиф әл-Танидің сәлемін жеткізді.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенімін білдірді.
– Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері небәрі 22 жыл өтті. Осы уақыт ішінде біз көлемі 2,3 млрд. долларға жетпейтін экономиканы дамытып, оны 230 млрд. деңгейіне дейін жеткіздік. Тіпті қазірдің өзінде, дағдарысқа қарамастан, жалпы ішкі өнім 6% болып, еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді, – деді Қазақстан Президенті.    
Өз кезегінде Катар Әмірі бұл кездесу екі елдің өзара ықпалдастығын одан әрі дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. Тамим бен Хамад әл-Тани келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін, сондай-ақ өңірдегі ахуалды қарастыратынын айтты.
Жалпы, жоғары деңгейдегі кездесу қол жеткізілген табыстарды бекітуге мүмкіндік беріп, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын айқындауды көздейді.     
Сапар қорытындысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ мен «Qatar Mіnіng Company QSC» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге және «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Катар инвестициялық қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз