БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛАДЫ

97

0

Қазақстанда өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесі адамзат дамуының алдағы жылдардағы және болашақтағы көкжиегін айқындайтын болады. Тіпті, кейбір сарапшылар мен мамандар бұл күннің таяп қалғанын да жиі айта бастады. Бұл пікірлер қаншалықты шындыққа жанасады? Ресми деректер, мамандар бұл орайда не дейді?
«Алдағы 2-3 жылда дәстүрлі энергия мен баламалы қуат көздерінің бағасы теңеседі». Бұл – өткен жылы Астанада «Жаңартылған энергия көздері» тақырыбында өткен I саммитте еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтқан пікірі. Бұл пікір бүгінгі таңда өзінің өміршеңдігін әлі жоғалтқан жоқ. Ал алдағы 3-4 жылдың орайында Қазақстанда өндірілетін баламалы энергия көздерінің үлесі 3 пайызға жетеді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 50 пайызды еңсереді деген жоспар бар. 
ҚР Энергетика министрінің мәліметі бойынша, 2020 жылға дейін елімізде баламалы қуат көздерін игеру бойынша 100 жоба жүзеге асырылмақ. Ал бүгінде күн, жел, су энергиясын өндіретін 48 станса нәтижелі жұмыс жасауда. Жалпы 2050 жылға дейін елімізде тұтынылатын электр энергиясының 50 пайызын баламалы қуат көзімен алмастыру жоспарланып отыр. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, алдағы 2-3 жылда дәстүрлі энергия мен баламалы қуат көздерінің бағасы теңеседі. Баламалы қуат көздерінің арзандауына күн панельдерінің 60 пайызға, ал жел энергетикасына қажетті құрал-жабдықтар құнының 50 пайызға төмендеуі себепші болып отыр. Сондай-ақ министр көмір және жел қуатының бағасын аукцион арқылы да теңестіру көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын.
Мәселен, 2016 жылы Дубайда өткен аукционда 800 МВт күн энергиясының 1 Кв/сағаты 3 АҚШ центіне сатып алынды. 2015 жылы оның бағасы 5 цент болған. Ал, қазіргі кезде көмір станциялары нарығындағы баға – 8 теңге. Бұл баламалы қуат көздерінің арзандағандығын айғақтайды. Арзандау үдерісі әлі жалғасуда.
«ҚР Баламалы энергия көздері туралы» заңға өткен жылы бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Ондағы басты мақсат – инвестициялық тәуекелдерді төмендету арқылы жобаларды дер кезінде жүзеге асыру болып табылады дейді сарапшылар. Бірқатар нормалар қабылданды. Жаңартылатын энергетиканы мақсатты түрде жоспарлау арқылы жаңартылатын энергия көздері мен энергия таратушы органдар екеуінің ортасындағы нақты электр энергиясын, объектісін желіге қосуға бағытталған шарттарды іске асыруға мүмкіндік туады. Осы нормалардың барлығы елімізде жаңартылатын энергияның дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар «Экспо-2017» көрмесі аясында жасыл экономиканы дамытудағы жаңа жобаларға байқау жарияланады. Халықаралық шара барысында аталған салаға ауқымды қаржы тарту көзделген. 
Ж.ӘЛМАХАН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз