ҰБТ-2017 қорытындысы белгілі болды

201

0

ҰБТ-2017 қорытындысы белгілі болды2016-2017 оқу жылында облыстағы 260 жалпы орта білім беру ұйымдарын 6196 мектеп бітіруші аяқтады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы облыста 20-22 маусым аралығында өткізіліп, оған 4123 бала қатысты.
ҰБТ-ге өтініш берген 4256 талапкердің 133-і қатысқан жоқ. (5-і министрліктің №156 бұйрығымен ҰБТ тапсырудан босатылған, 13-і Назарбаев Университетіне түскен, 33-і РФ ЖОО-ына түсуге үміткерлер, 82-і өз өтінішімен,)
Облыс бойынша 9 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жұмыс жасады. Барлық тестілеу пункттері талапқа сай қажетті құралдармен толық жабдықталып, ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.
ҰБТ өткізу барысында Ереже талаптарын бұзушылық орын алған жоқ. Балаларды тасымалдау, тамақтандыру және жатын орындарында өз деңгейіндегі қызметтер көрсетілді.
20 маусым күні Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу пунктерінде 1656 бала тестілеу сынағынан өтті. Орташа балл – 80,7. Республика бойынша орташа балл – 75,5.
21 маусым күні Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Қармақшы (Байқоңыр, Ақай, Төретам) аудандарындағы тестілеу пунктерінде 1714 талапкер тестілеу сынағынан өтті. Орташа балл – 84,4. Республика бойынша орташа балл – 78,23.
22 маусым күні Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы және облыстық білім беру ұйымдарының 753 талапкері тестілеу сынағына қатысты. Орташа балл – 85,5.
Облыстық «Білім инновация» лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Әбдірәсіл Айзат және Қармақшы ауданы №250 орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Отарбай Дәурен тестілеуге қатысқандардың ішінде жоғарғы 136 балл жинады.
Шығармашылық мамандықтарға тест тапсырған бала саны – 152. Бұл балалар үшін жоғары оқу орнына түсу емтиханы аяқталған жоқ.
Жоғары оқу орнына түсу үшін төменгі шекті 50 балдан кем жинаған талапкерлер саны – 129 (3,2%).
Үш күнгі тестілеу сынағының қорытындысы бойынша 6196 мектеп бітірушілердің ішінде 3994 (64,5%) талапкер жоғары оқу орнына мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады.
100 және 100-ден жоғары балл жинағандар саны – 800.
Арал ауданы – 68 бала, Қазалы ауданы – 120 бала, Қармақшы ауданы – 93 бала, Жалағаш ауданы – 41 бала, Сырдария ауданы – 46 бала, Шиелі ауданы – 63 бала, Жаңақорған ауданы – 64 бала, Қызылорда қаласы – 244 бала, №9 БИЛ – 23 бала, №10 БИЛ – 27 бала, №4 дарынды балалар мектебінде – 11 бала.
Үш күнде де Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде оқыс оқиға, ереже талаптарының бұзылу деректері орын алған жоқ.
Биылғы жылғы тестілеудің қорытындысында алғашқы үштікте жақсы нәтиже көрсеткен аудандар: Қазалы ауданы – 88,11 балл, Сырдария ауданы – 86,6 балл, Арал ауданы – 82,76 балл.
Облыс бойынша орташа балл 82,4.
Облыс бойынша апелляцияға 64 бітіруші өтініш беріп, оның 6-ы қанағаттандырылып, қосымша 63 балл алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз